30.Мемлекеттік қызметшілердің кірісі мен шығысын бақылау жүйесін құру .
Мемлекеттік қызмет саяси институт ретінде мемлекеттің маңызды негізі болып табылады. Мемлекеттік қызметсіз кез келген мемлекет бола алмайды. Сондықтан, қоғамның саяси институты ретінде пайда болысымен барлық мемлекеттер өз мемлекеттік қызметін қалыптастыруды бастайды. Қазақстан Республикасы да тәуелсіздігін алғаннан сәттен бастап өз мемлекеттік қызметін белсенді құра бастады. Мемлекет құрылысының бастапқы кезеңінде мемлекеттік қызметтің негізін бұрынғы партиялық-кеңестік мемлекеттік аппарат атқарды. Әрине, тәуелсіздік жағдайында егемен мемлекеттің жаңа болмысына сәйкес бұл аппараттың түрі өзгертілді, сонымен қатар өзінің қазақстандық мемлекеттік қызметін құру бойынша жұмыстар жүргізілді.
Мемлекет пен қоғам өмірінде мемлекеттік қызметтің қажеттілігі мен маңыздылығы аталған институтты конституцияландыруға негіз болды.
1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабы 4-тармағында, азаматтардың мемлекеттік қызметке кіруге тең құқығы бекітілген. Бұл тармақ, атап айтқанда, мемлекеттік қызмет қалыптастырудың маңыздылығын – аталған институттың ерекше қызметін сипаттайды.
Әрине, сыбайлac жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттің негізгі функцияларының бірі болып табылады, 1999 жылдың 23 шілдесінен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінің құрылуының саяси-айқындаушы кезеңінен бастап жүзеге асырылды, оның құқықтық базасы және жеке уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі құрылды.Мемлекеттік қызметтің қазақстандық жеке моделін құру бойынша белсенді жұмыс атқарылумен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тетіктерін қалыптастыру бойынша жұмыстар да жүргізілді. Жұмыстың жүйелік сипатын қамтамасыз ету үшін, бірқатар нормативтік-құқықтық және ұйымдастырушылық-практикалық іс-шаралар қабылданды, атап айтқанда сыбайлac жемқорлыққа қарсы күрес жүйесін жетілдіру және оның алдын алуға бағытталған, Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай бірнеше
Жарлықтары шықты: - 2000 жылғы 20 сәуірдегі № 377 «Қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы»;
- 2002 жылғы 2 сәуірдегі № 839 «Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы»;
- 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 1550 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметiндегi тәртiп пен реттiліктi нығайту жөнiндегі шаралар туралы» және басқалар.
Осы және өзге де нормативтік құқықтық актілерге негізделген шаралар сол уақытта кең ауқымды сипатқа ие болған (өкінішке орай, осы күнге дейін жойылмаса) сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге бағытталды.
Достарыңызбен бөлісу: |