Сыбайлас жемқорлықҚА Қарсы іс-қимыл туралы


«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ҚАБЫЛДАУ ДЕҢГЕЙІН АНЫҚТАУ»



Pdf көрінісі
бет39/39
Дата07.04.2022
өлшемі4,63 Mb.
#30174
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ҚАБЫЛДАУ ДЕҢГЕЙІН АНЫҚТАУ» 

ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ТЕРІС КӨЗҚАРАС БІЛДІРЕТІН АЗАМАТТАРДЫҢ ҮЛЕСІ 

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ДЕҢГЕЙІН ТӨМЕНДЕТУГЕ ЖЕКЕ ҮЛЕСІН ҚОСУҒА ДАЙЫН 

АЗАМАТТАРДЫҢ ҮЛЕС

МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ТАП БОЛҒАН АЗАМАТТАРДЫҢ ҮЛЕСІ




41

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

ҚОРЫТЫНДЫ

Елбасының жоғары бағасы берілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 

жаңа  тренді  жобалық  тәсіл  мен  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрестің 

инновациялық әдістерін енгізу болды. 

Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  маңызды  шаралар  сыбайлас  жемқорлыққа 

қарсы  заңнаманы,  мемлекеттік  қызмет  көрсету,  бизнесті  қайта  реттеу, 

мемлекеттік  сатып  алу  және  квазимемлекеттік  сектордағы  сатып  алу,  тариф 

белгілеу және денсаулық сақтау салаларындағы заңнаманы жетілдіру арқылы 

құқықтық деңгейде бекітілді.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте түбегейлі өзгерістер 

дамыған  елдерде  кеңінен  қолданылатын  бірқатар  шаралар  қабылданған 

жағдайда ғана мүмкін болады. 

2018  жыл  Қазақстанның  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  саясатының 

қалыптасу және даму тарихында маңызды рөл атқарды.

Мемлекеттік  қызметтерді  көрсету  процесінің  инновациялық  форматтарын 

енгізу,  олардың  қолжетімділігі  мен  ұсыну  сапасын  арттырды,  көрсетілген 

электрондық қызметтердің сандық көрсеткіштері айтарлықтай өсті, қоғамның 

осы саланың мониторингіне және бақылауына қатысуы кеңейді.

Бақылау  мен  рұқсат  беру  функцияларын  ауқымды  оңтайландыру  бизнес 

субъектілері  үшін  әкімшілік  кедергілерді  айтарлықтай  төмендетуге  мүмкіндік 

берді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесінде алдыңғы қатарлы және 



тиімді  құралдарды  белсенді  енгізу  және  қолдану  республикаға  халықаралық 

рейтингтерде  өз  позицияларын  сақтап  қана  қоймай,  сонымен  қатар  сыбайлас 

жемқорлыққа  қарсы  реформалардағы  өңірлік  көшбасшылықты  нығайтып, 

Орталық Азия өңіріндегі үздік нәтижелерді көрсетуге мүмкіндік берді.

Осыған байланысты, келесі мәселелерді қарастыру ұсынылады:

2) жария құқық заңды тұлғалар институтын енгізу;

3)  бақылаушы  құрылымдарды  тарата  немесе  түбегейлі  қысқарта  отырып, 

мемлекеттік бақылаудың орнына кәсіпкерлердің жауапкершілігін сақтандыруды 

енгізу;

Жобалық  тәсілді  және  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  интерактивті 

құралдарды жаппай енгізу нәтижесінде бірқатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы 

осал  функцияларды  орындаудың  ашықтығы  мен  жариялылығы  қамтамасыз 

етілді,  азаматтар  мен  бизнес  өкілдерінің  мемлекетпен  коммуникациясы  және 

оларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес процесіне тарту үшін мүлдем жаңа 

нысандар мен арналар құрылды.

2018  жыл  Қазақстанның  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл 

саласындағы  халықаралық  ұйымдармен  ынтымақтастығы  мәселелеріндегі 

маңызды оқиғалар мен нәтижелермен атап өтілді.

1)  заңсыз  байытқаны,  пара  беруге  уәде  бергені  және  ұсынғаны  үшін 

жауапкершілік белгілеу;

ҚОРЫТЫНДЫ



42

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

ҚОРЫТЫНДЫ

4)  Еуропа  Кеңесінің  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  мемлекеттер  тобына 

(ГРЕКО) кіру;

5)  мемлекеттік  қызметшілерді  парасаттылыққа  тексеруді  енгізу  (integrity 

check);

6) заңнамада сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлаған 

адамдарды қорғау туралы ережелерді егжей-тегжейлі регламенттеу;

12) рәсімнің өмірлік циклі шеңберінде «бір өтініш» қағидасына көшу жолымен 

мемлекеттің халықпен және бизнеспен өзара іс-қимылының белсенді форматын 

барынша енгізу;

9)  сыбайлас  жемқорлыққа  ықпал  ететін  себептер  мен  жағдайларды  жою 

жөнінде  шаралар  қолданбағаны  үшін  тәртіптік  жауапкершілігін  белгілеп, 

сыбайлас  жемқорлық  тәуекелдерін  сыртқы  талдаудың  қорытындылары 

бойынша ұсынымдарға орындауға міндетті сипат беру;

-  мемлекеттік  органдардың  қызметіне  тұтынушыға  бағытталу  қағидатын 

енгізу; 


10) ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органды және 

оның құзыретін айқындау.

15)  қазақстандық  экономиканың  бәсекеге  қабілеттілігін  қамтамасыз  ету 

шеңберінде мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін қысқарту;

-  азаматтардың  санасында  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  құндылықтарды 

дамыту;


- кедергісіз орта құру; 

-  «партиципаторлық»  бюджеттеуді  кеңінен  тарату  (халықтың  бюджетті 

қалыптастыруға тікелей қатысуы).

16) «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» жобасы шеңберінде: 

8)  басшыларға  бағынысты  қызметкерлер  сыбайлас  жемқорлық  құқық 

бұзушылықтар жасаған жағдайда олардың дербес жауапкершілігін белгілеу;

13)  елдің  барлық  өңірлерінде  «Қоғамдық  бақылаудың  интерактивті 

картасын» тарату;

7)  сыбайлас  жемқорлық  құқық  бұзушылық  фактілері  туралы  хабарлаған 

немесе  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимылда  өзгеше  түрде  жәрдем 

көрсететін азаматтарды көтермелеудің сараланған жүйесін енгізу;

11)  мүдделер  қақтығысы  болмаған  кезде  мемлекеттік  қызметшілерге 

жұмыстан бос уақытта өзге де ақылы қызметпен айналысуға рұқсат беру;

14) «Цифрлық агент» жүйесіне мемлекеттік құрылымдардың неғұрлым көп 



санын қосу;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет