Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері


Мектеп жасына дейінгі балалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімін қалыптастыруға бола ма?



бет2/5
Дата21.12.2023
өлшемі1,65 Mb.
#141983
1   2   3   4   5
Байланысты:
Презентация Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері

2. Мектеп жасына дейінгі балалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімін қалыптастыруға бола ма?

2. Мектеп жасына дейінгі балалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімін қалыптастыруға бола ма?

Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыста (3-6 жас – әлеуметтік маңызды тәжірибені қарқынды жинақтау және әлеуметтік кеңістікте бағдар алу кезеңі) балаларға Отанға деген махаббат, туған табиғатқа махаббат және оны қорғау қажеттілігі, өзін қоршаған адамдар мен қазақстандық халықты құрметтеу, тәртіптілік, адалдық сияқты құндылықтарды сіңіруге айрықша көңіл бөлу керек. Мектеп жасына дейінгі балалармен тәрбие жұмысының негізгі бағыттылығы – бұл олардың рухани-адамгершілік және әлеуметтік-мәдени құндылықтарды, қоғамда қабылданған жүріс-тұрыс қағидалары мен нормаларын қалыптастыру.

3. Сіздің көзқарасыңызша, мектеп жасына дейінгі және кіші мектеп жасындағылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұлғасын қалыптастыру жолдары қандай?

3. Сіздің көзқарасыңызша, мектеп жасына дейінгі және кіші мектеп жасындағылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұлғасын қалыптастыру жолдары қандай?

Кіші мектеп жасында (7-10 жас – кемел балалық шақ, дене және рухани күш жинақтау уақыты) біршама өзгермеген түрде өмір бойы сақталатын тұлғалық қасиеттер мен саралардың қарқынды қалыптасуы жүзеге асырылады. Сондықтан бұл жаста рухани мәдениеттің қалыптасуының маңызы зор. Ар-ождан, абырой, ұят, қайрымдылық, жанашырлық, адалдық, әділдік, жауапкершілік және т.с.с. Рухани қасиеттердің қалыптасуына ерекше назар салған жөн. Бұл кезеңде балалардың сыбайлас жемқорлық пен оның залалы туралы дүниетаным сипатындағы түсінік пен ұғымның қалыптасуы маңызды. Негізгі дүниетаным идеясы қоғамды тану заңдарымен байланысты болуға тиіс. Бұл ретте баланың ұғымды салмақтау білуіне, өз көзқарасын айтуына үйрету, оны қиын жағдайға қойып көру қажет.

4. Жасөспірім ортадағы сыбайлас жемқорлықтың келеңсіз салдары.

4. Жасөспірім ортадағы сыбайлас жемқорлықтың келеңсіз салдары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет