сыбайлас жемқорлыққа қарсы процестің нормативтік-құқықтық негіздерін қалыптастырудың бастапқы кезеңі өтті. 1992 жылдың 17 наурызында «Ұйымдасқан нысандағы қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi күшейту жөнiндегi шаралар туралы» Жарлық (бұдан әрі – Жарлық) шығарылды
1998- 2000 жылдар кезеңі
Осы кезеңде сыбайлас жемқорлықтың ұйымдасқан қылмыспен үйлесімділікте тигізетін қауіптілік деңгейіне қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес институтының жұмыс істеу әдіснамасы мен әдістерін анықтау қажеттігі туындады. Екінші кезеңде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте құқық қорғау және арнайы органдардың әдістері мен құралдарын қолдану керектігі туындады, яғни осындай әлеуметтік қауіпті тудыратын себептермен емес, тек оның салдарларымен күресу қажет болды.
2001–2004 жылдар аралығы
Үшінші кезеңде мемлекет сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жалпы мемлекеттік саясат мәртебесін берді. Оны жүзеге асыру бойынша ұйымдастырушылық және құқықтық жұмыстар жалпы жүйелік және кешендік сипатқа ие болды.