Екі негізгі заң: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» [8] және «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдар қабылданды [9]. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңның қабылдануы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі басты құқықтық және әдіснамалық негіз болды. Алғаш рет посткеңестік кеңістікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң қабылданып, сыбайлас жемқорлық анықтамасы берілді, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы күрестің мақсаттары мен қағидаттары бекітілді.