Сіби білім беру



Pdf көрінісі
бет241/256
Дата03.11.2023
өлшемі9,83 Mb.
#121623
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   256
Байланысты:
Nesterenko-E-lektrlik-montazhdau-zh-my-stary-tehnologiyasy-.-O-u-raly-

 
560 
механикалық зақымданулардың бар немесе жоқ екендігін тексереді. 
Оқшаулағыштарда жалпы ауданы 
1
см

аспайтын соғылған, және жақсы 
ажарланған және бакелитті лактың екі қабатымен қапталған 
жиектердің және фарфорда, бакелитті лакпен қапталған фарфорда 
жеңіл сызаттардың болуына рұқсат етіледі. Фарфор беті сылағыш 
белгілерісіз глазурьмен толықтай қапталу керек, егер сылағыш қалса, 
оны ағаш қалақшалармен тазартады. Осы мақсатта металл заттарды 
пайдалануға тыйым салынады. 
Сонымен қатар оқшаулағыштардың металл арматурасының 
жағдайын және арматураланған тігіс беріктігін тексереді. Тігіс 
сылағышының қабаты арматураның барлық шеңбері бойынша біркелкі 
болу керек, ал ғимарат ішінде орнатуға арналған оқшаулағыштарда 
арматуралық тігісті лакпен қаптау керек. Арматурадағы тотты 
керосинге малынған шүберекпен тазартады, қылауларды – құрастыру 
кезінде қолдың жарақаттануына жол бермеу үшін егеумен. 
Тіректі 
оқшаулағыштарды 
құрастыру 
оларды 
орнатудан, 
сәйкестендіруден және бекітуден, жерге тұйықтау контурына 
ернемектерді жалғаудан және бастиектерді және ернемектерді 
сырлаудан құралады. Ернемектермен тікелей жерге тұйықталған 
металл құрылымдарға орнатылатын оқшаулағыштарды қосымша жерге 
тұйықтамайды. 
Шиналарды төсеуге арналған тіректі қорғалған оқшаулағыштарды 
негізінен шеберханаларда металл құрылымдарда құрастырады және 
орнатылатын жерге блоктар түрінде (жиі төселген шиналармен) 
жеткізеді. 
Құрылыстық 
құрылымдарға 
осындай 
блоктарды 
сомындармен және бірінші құрастыру қабатында сыланған 
түйреуіштермен 
бекітеді 
немесе 
құрылыстық 
құрылымдарға 
орналастырылған металл бөлшектерге дәнекерлейді. 
Тіректі оқшаулағыштарды орнату кезінде СНжЕ келесі талаптарын 
ескеру керек: 
оқшаулағыш бастиектерінің (шойын қалпақтар) орталары бойлық 
және көлденең белгі осьтерімен сәйкес келу керек; 
әр жинақ (үш данадан) оқшаулағыштары қалпақтарының, сонымен 
қатар белгілі бір учаскенің немесе камераның жазықтықтары бір 
дейгейде (± 
2
мм) орналсу керек; 
әр 
түрлі 
фазалардың 
оқшаулағыш 
осьтері 
арасындағы, 
оқшаулағыштар осьтерінен жерге тұйықталған құрылымға дейінгі және 
бір фазаның жеке оқшаулағыштары арасындағы (бір фаза бойымен) 
қашықтықтар жобаға сәйкес келу керек (± 5 мм); 
сыланған қабырғаларда (немесе жабындарда) орнату кезінде 
оқшаулағыштар ернемектері батырылмау керек; 
жерге тұйықтаушы бұрандамалар жерге тұйықтаушы магистраль 
жағынан орналасу керек; 
төсемелер оқшаулағыштар ернемектері шектерінде орналасу керек; 
оқшаулағыштардың бекітілуі шиналауды кесусіз олардың 


561 
ауыстырылуын қамтамасыз ету керек. 
Шиналау үшін оқшаулағыштарды орнату келесі тәртіпте 
орындалады: алдымен шеткі оқшаулағыштарды тұрғызады және 
олардың бастиектерінің ортасы бойынша сым тартады, кейін 
қарақағаздан, картоннан немесе тілімді болаттан жасалған төсемелерді 
пайдаланып (металл құрылымдарда орнату кезінде), қалған 
оқшаулағыштарды орнатып, сым бойынша биіктік бойынша тегістейді. 
Тік, көлденең немесе көлбеу жазықтықтарда ақырғы сәйкестендіруден 
кейін 
(сопақ 
саңылаулар 
және 
бекіністерді 
қосарланған 
бұрыштамаларда пайдалану оқшаулағыштар арасындағы қашықтықты 
реттеуге мүмкіндік береді) бекіткіш бұрандамаларды немесе 
түйреуіштерді сомындармен қатайтады. 
Тарату құрылғыларын құрастыру кезінде және әрлеу жұмыстары 
кезінде оқшаулағыштарды зақымданулардан қорғау үшін ақырғы 
орнатудан кейін оларды қарақағазбен, картонмен немесе қағазбен 
орайды және кендіржіппен байлайды. Қажет кезде фарфорлық 
оқшаулағыштарды ыстық металдың шашырауынан және жоғары 
температуралар әсерінен экранмен немесе асбестпен қорғайды. 
Өтпелі оқшаулағыштар
(16.1, 
б
сур.) тарату құрылғыларындағы 
жерге тұйықтаушы аралықтар және құрылымдар, аппараттар 
корпустары, сонымен қатар қабырғалар және жабындар арқылы өткен 
кезде тоқ өткізгіш өзектерді немесе шиналарды оқшаулау үшін 
арналған. 
Өтпелі оқшаулағыш фарфорлық корпустан 2, жоғарғы және төменгі 
қалпақтардан 
6,
шойын ернемектен 
4
және мыс немесе алюминий тоқ 
өткізгіш шиналардан 5 құралады. Қалпақтар және ернемектер 
фарфорлық корпуспен, цементтеуші құраммен немесе механикалық 
әдіспен бекітіледі. 
16.3 сур. көрсетілген өтпелі оқшаулағыш ернемегінда 
3
бекітуші 
бұрандамаларға арналған саңылаулар және жерге тұйықтауды жалғауға 
арналған бұрандама 
5
бар. Тоқ өткізгіш шина 
1
оқшаулағыш 
жиектерінде орналасатын болат тығырықтармен 4 бекітіледі. 
2000 А дейінгі номиналды тоқтарға өтпелі оқшаулағыштар олардың 
ішкі кеңістігінде орнатылған тығырықтармен бекітілетін тоқ өткізгіш 
алюминий шинамен жасалады. Оқшаулағыштардың белгіленуі, 
мысалы, П-10/400-750, келесідей оқылады: өтпелі номиналды кернеу 
10 кВ, номиналды тоқ 400 А және иілімге қатысты минималды 
ыдырататын күш 7,5 кН. 
Тексеру және жарамсыздыққа қатысты сынау кезінде өтпелі 
оқшаулағыштарға тіректі оқшаулағыштардағыдай талаптар қойылады. 
Тоқ өткізгіш өзек өлшемдерін, конустылықтың бар немесе жоқ 
екендігін, сонымен қатар сомындардың және орталықтандырғыш 
тығырықтардың болуын қосымша тексереді. 


>25 
>50


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет