электрлік монтаждау жұмыстарының жобасын
(ЭМЖЖ) дайындайды, ол негізгі құжат болып табылады және мұнда барлық
негізгі техникалық, технологиялық және ұйымдастыру мәселелерінің
шешімдері көрсетіледі. ЭМЖЖ типтік немесе дербес түрлері болады, ал
құрамы бойынша – толық және қысқартылған түрлерге жіктеледі. Типтік
ЭМЖЖ құрылысын тіркелетін типтік жоба немесе қайталанатын құжат
бойынша жүргізетін нысандар үшін дайындайды.
ЭМЖЖ қысқарған түрін техникалық күрделі емес және шағын жұмыс
көлемі жағдайында дайындайды. Толық ЭМЖЖ ірі құрылыс кешендері
жағдайында, дербес жоба бойынша жаңа техникалық шешімдер қолданылған
жағдайда жасалады. ЭМЖЖ көлемі бойынша минималды және мазмұны
бойынша нақты болуы керек, мұнда жобалық құжаттама материалдары
қайталанбауы керек.
ЭМЖЖ құрастыру үшін бастапқы материалдар жұмыс сызбалары,
сметалық құжаттама және құрылысты ұйымдастыру жобасы, тапсырыс
туралы және тапсырыс беруші мен бас мердігер арасындағы материалдар мен
құрылғыларды жеткізу мен тапсырыс туралы деректер, қажетті
машиналардың, механизмдердің болуы және оларды пайдалану мүмкіндігі;
қолданыстағы нормативті-техникалық құжаттар, ЭОЕ, ҚНжЕ, құрылыс
нормалары, технологиялық нұсқаулар және құжаттар және қауіпсіздік
техникасы бойынша нұсқаулар болып табылады.
Негізінен ЭМЖЖ 5 бөліктен құралады.
Бірінші бөлімде
түсіндірме жазба беріледі, мұнда нысан бойынша жалпы
мәліметтер және оның сипаттамасы; нысанды технологиялық үдеріс
талаптарын ескере отырып электрмен қамтудың ұстанымдық сызбасы және
қысқаша сипаттамасы; техникалық-экономикалық және электротехникалық
көрсеткіштерінің кестесі – физикалық көлем, сметалық баға, еңбекті қажет ету
қамтылады. Мұнда қысқаша түрде басты тізім нысандарын қамтыған бас
жоспар көрсетіледі және ЭМЖЖ дайындау барысында жұмыс сызбасына
енгізілген өзгерістер қарастырылады. Аталған бөлімде желілерді монтаждау
үшін қажетті материалдар мен кабельді-өткізгішті өнімдер тізімделеді;
кабельдер мен сымдар үшін номиналды кернеуі мен олардың мәні көрсетіледі.
Қажетті магистралдық, тарату және басқа да шина сымдарының түрлері,
шиналар мен түсті металлдар, болат және пластмасса құбырлар жеке
көрсетіледі. Түзету құрылғылары, түрлендіру агрегаттары және басқа арнайы
құрылғылар туралы мәліметтер беріледі. Электрлік монтаждау нысаны
бойынша негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштер шеберлік электрлік
монтаждау әзірлемелері мен монтаждау аймағы үшін жеке есептеледі;
монтаждау ұйымдарымен жұмыстарды бөлу хаттамасы жасалады.
Екінші бөлімде
құрылыс алаңындағы электрлік монтаждау жұмыстарын
орындау мәселелері және технологиясы қамтылады және осы жұмыстар
кестесін дайындау деректері; монтаждау технологиясы бойынша нұсқаулар;
жүк ағындары сызбасы; қажетті механизмдер, жабдықтар, арнайы құралдар
ведомості; техника қауіпсіздігі бойынша арнайы нұсқаулар, тапсыру-
қабылдау құжаттамасы бойынша мәліметтер беріледі.
28
Үшінші бөлім
құрылғылар мен материалдардың, электрлік құрылымдар,
монтаждау бұйымдары, ірі тораптар мен блоктардың лимиттік-жинақтау
ведомосттерінен құралады. Бұл жағдайда электрлік құрылғының жобасының
жиынтық сипаттамасы жобаның жұмыс сызбалары бойынша нақтыланады
және жеткізушілер бойынша бөлінеді (тапсырыс беруші, бас мердігер,
субмердігер).
Төртінші бөлім
электромонтаждық әзірлмелер шеберханаларының
тапсырмаларын қамтиды. Мұнда саны, бағасы мен әзірлеу мерзімін көрсете
отырып қажетті бұйымдардың тізімдемесі, сонымен қатар, жеке бұйымдар
мен жұмыстарға еңбек шығындарының сызбалар және эскиздер бойынша
құрастырылатын калькуляциясы беріледі.
Бесінші бөлім
еңбек шығындары калькуляциясынан және монтаждау
аймағына арналған еңбек ақы есебінен құралады.
Бекітілген ЭМЖЖ бар болған жағдайда электрлік монтаждау жұмыстарын
дайындауға кіріседі, оны негізінен ғимаратты немесе құрылысты монтаждауға
электрлік монтаждау ұйымының өкілі немесе болашақ жұмыстар өндірісі
басшысы қабылдап алады.
Монтаждау үшін қабылдау барысында тексеріледі:
бөлмелердегі, баспалдақ алаңдарындағы арналар, орлар, қуыстар мен
электрлік энергия кәріздерінен арналған саңылаулардың жағдайы мен
сәйкестігі;
бөлмелерде жоба бойынша сымдар немесе кабельдерді тарту
қарастырылған жағдайда аяқталған сылақ жасалған қабырға беттерінің болуы;
құрылыс, сантехникалық және басқа жұмыстармен бір мезгілде немесе
олардан жеке түрде электрлік монтаждау жұмыстарын қауіпсіз жүргізу
мүмкіндігі;
монтаждалған электрлік құрылғылардың сақталуы мен қорғалуын
қамтамасыз ететін шарттардың болуы.
Ғимараттармен құрылымдарды монтаждау үшін қабылдау сәйкес актімен
ресімделеді.
Ғимараттар және құрылымдар монтаждауға дайын болған жағдайда
құрылыс және электрлік монтаждау ұйымының өкілдері сәйкес үйлестірілген
жұмыс кестесін электрлік монтаждау жұмыстарын орындау кестесі құрылыс
жұмыстарымен сәйкес келетіндей етіп дайындайды және жекелеген жағдайда
ғана оның құрылыс жұмыстарынан кейін қалуы мүмкін болады. Үйлестірілген
кестені құрылыс және монтаждау ұйымдарының басшылары (бас
инженерлері) бекітеді.
Электрлік монтаждау үдерісін қазіргі кездегі ұйымдастырудың басты
бағыттарының бірі оны индустрияландыру болып табылады – бұл жұмыс
жүргізудің неғұрлым еңбекті көп қажет ететін және жаппай жүзеге
асырылатын жұмыстар монтаждау аймағынан тыс орындалатын түрі.
Индустриалды монтаждау тәсілдерін (ИМТ) қолдану электрлік монтаждау
жұмыстарының жалпы құрылыс және арнайы жұмыстарға тәуелділігін
азайтуға мүмкіндік береді. ИМТ құрылыс жұмыстарын орындау барысында
29
іргетасқа құбырды тартуға, өтпелі арналарды және электрлік коммуникацияға
арналған орларды дайындау мен құрастыру бөліктерін орнатуға жағдай
жасайды.
Құрылыс және электрлік монтаждау жұмыстарын уақыт бойынша
үйлестіру келесі мүмкіндіктерді береді:
электрлік монтаждау жұмыстарының ұзақтығын қысқарту; монтаждау
механизмдері мен жабдықтарын жоғары жүктеме деңгейімен және тиімді
пайдалану;
еңбекті көп қажет ететін монтаждау жұмыстарын осы мақсатқа
бейімделген жағдайда орындау;
электрлік монтаждау ұйымының материалдық ресурстары мен қосалқы
бөлімшелер құралдарын толық пайдалану;
электрлік монтаждау жұмыстарының құнын біршама төмендетуге қол
жеткізу.
Электрлік монтаждау өндірісін индустрияландырудың негізгі тәсілі
зауыттарда ірі блокты кешенді құралдар дайындау болып табылады, оларды
пайдалану үлкен экономикалық әсерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Мысалы, мамандандырылған зауытта жинақты тарату құрылғысын (ЖТҚ)
немесе жинақты трансформатор подстанциясын өнеркәсіптік кәсіпорын цехін
электрмен қамту мақсатында шығару олар үшін арнайы ғимараттар салу
қажеттілігін жояды, сонымен қатар, осы құрылғылардың электрлік
құралдарын тексеру мен сынау қажет болмайды.
Монтаждау орнына арнайы көлікпен жинақты құрылғы жеткізіледі, оның
сәйкес жүк көтергіш механизмнің көмегімен арнайы дайындалған орынға
немесе дайын іргетасқа орнатады;
ірі қалқандар немесе құралдары шешілген басқару пульттерін қалқанды
орнына орнатқаннан кейін монтаждайды, осы арқылы олардың бүлінуінің
алдын алады;
сыртқы қондырғысы бар ЖТҚ шкафтарын шешілген немесе қорғалған
электрлік қоректі енгізу оқшаулағыштарымен орнатылады.
Құрастырылатын шиналар және екіншілік коммутация шиналары зауытта
демонтаждалады және монтаждау нысаныны жеке ыдыстарға қапталған
қалпында жеткізіледі. ЖТҚ құрамына енетін барлық бөлшектер зауытта
жинақтама ведомостіне сәйкес таңбаланады.
Осындай кешенді құралдарды тұтастай монтаждау негізінен шешілген
бөлшектерін қаптамасынан шығару және орнатуға, сонымен қатар, қорек
желілері мен шығыс желілерін құрылғыға жалғауға негізделеді.
Цехті электрлік желілерді монтаждау бойынша жұмыстар индустриалды
әдістермен, атап айтқанда шиналық магистральдермен жүргізіледі. Дайын
таңбаланған шиналар секциялары сәйкес құрылымды және қималы болады,
цехтерге жеткізіледі және мұнда олар тіреу құрылымдарына бекітіліп, өзара
немесе шығыс желілерімен жалғанады.
Электрлік монтаждау өндірісінің индустриалды әдісіне ірі блокты
құрылымдарды, құрастыру құрылымдарын, электрлік сымдар мен
бұйымдарды электрлік монтаждау әзірлемелері шеберханаларында (ЭӘШ)
30
жинақтау да жатқызылады. ЭӘШ өнімдерінің дайындығының жоғары
дәрежесі оны құрастыру барысында қосымша шығындарсыз орнатуға, бояуға,
таңбалауға т.б. мүмкіндік береді.
Кешенді механикаландыру – бұл бірқатар аралас құрастыру жұмыстарын
механикалық орындау. Технологиялық үдерістің үздіксіздігін қамтамасыз ету
барысында өнімділігі бірдей машиналар мен механизмдер пайдаланылады.
Автоматтандырудың ең заманауи формасы күрделі ұйымдастырушылық-
техникалық міндеттер мен диспетчерлеу шешімін табу үшін электронды
есептеу машиналарын қолдана отырып автоматтандырылған басқару жүйесі
(АБЖ) болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |