333
пластифкаторлар-синтетикалық май тәрізді сұйықтықтар (дибутилф-
талат, полиэфирлер және т.б.), ал жылу өткізгіштік коэффицентін
арттыру және мезаникалық сипаттамаларын – минералды
толтырғыштарды (шаң тәрізді кварц, ұнтақталған тальк және т.б.)
жақсарту үшін қосылады. Толтырғышты қосу сұйық компаундтың
аққыштығын азайтуға септігін тигізеді, сондықтан да толтырғышы
бар компаундтарды көп металбөліктерінің үлкен қуыстарына құю
үшін қолданады.
Шойын
эпоксидті
біріктіретін
жалғастырғыштармен
салыстырғанда олардың келесідей артықшылықтары бар: бағасы
анағұрлым төмен, мөлшері мен массасы ашағын, оларды дайындау
және монтаждауға көп еңбек жұмсалмайды, сонымен бірге
компаундтың металдармен жақсы жалғануының арқасында, олар
кабельдерді саңылаусыздандыру үдерісін оңайлатады.
6, 10 кВ және одан да жоғары вольтті кернеуге есептелген,
кабельдерді жалғау үшін, қорғасын жалғастырғыштар қолданылады.
Оларды сәйкес диаметрі бар қорғасын құбырларынан, монтаждау
барысында өңдеу арқылы әзірлейді.
Біріктіретін қорғасын жалғастырғыштар БҚ әріптерімен және
олар кабель диаметрін көрсететін сандармен белгіленеді, олар соған
есептелген және алты үлгі өлшемдерде беріледі (БҚ-60, БҚ -70, БҚ -
80, БҚ -90, БҚ -100 және БҚ -110). Үлгі өлшемдер, сонымен бірге
белгілі жұмыс кернеуінде аталған жалғастырғышқа жалғауға рұқсат
етілетін кабель тарамдарының қима ауқымымен анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: