378
Орнату кезінде ажыратқыштарда сызаттар, нақысты фарфор,
тазартуға келмейтін ластанулар және басқа да кемшіліктер болмауы
керек.
Ластанған
ажыратқыштарды
тазартып
алу
керек.
Ажыратқыштарды механикалық ысқыштармен, қырғыштармен немесе
басқа металл құралдарымен тазартуға тыйым салынған. Ластанудың
көбісі ажыратқыштардың беттерінен құрғақ немесе дымқыл
шүберекпен, ал берік ластанулар – тұз қышқылына малтылған
шүберекпен (тот және т.б.) жойылады. Тұз қышқылымен жұмыс істеген
кезде қышқыл дарымайтын рәзеңкеден жасалған қолғапты және
қорғаныс көзілдірігін киген дұрыс.
Темірбетонды бірдіңгекті тіреулерді жинау траверса және регилдерді
орнату және жерге тұйықтау еңісін салу (егер ол жобамен
қарастырылған болса) үдерістерімен анықталады. Тіреудің діңгектерін
төсемдерге салады, траверстерді діңгектердің осіне және сымдарды
бекіту жазықтығына перпендикуляр бойынша тексереді, одан кейін
бұрандамалармен бекітеді. Әдеттегідей, жинау орнына траверстер істік
және тіреуіштермен бірге жинақталған түрінде тасымалданады, сол
себепті ажыратқыштарды арқаулау үдерісін ғана орындау қажет.
Темірбетонды тіреулерді жабдықтау үдерісі ағаш тіреулерін
жабдықтау үдерісіне ұқсас іске асырылады. Жабдықтау бойынша
жұмыстар шұңқырда тіреулерді көтеру және орнатуға дейін
орындалады, ол әртүрлі механизмдерді қолдануға мүмкіндік береді және
солайша жөндеуші қызметкерлерінің еңбектерін елеулі жеңілдетуге
септігін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: