Сіби білім беру



Pdf көрінісі
бет59/256
Дата03.11.2023
өлшемі9,83 Mb.
#121623
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   256
Байланысты:
Nesterenko-E-lektrlik-montazhdau-zh-my-stary-tehnologiyasy-.-O-u-raly-

5.2.
 
Сыртқы жерге тұйықтау контуры және оны құрастыру
Адамдардың 
қауіпсіздігін 
қамтамасыз 
ету 
үшін 
электрлік 
қондырғылардың қорғаныстық жерге тұйықталуын жүзеге асырады.
Жерге тұйықталуы тиіс: 
электрлік қондырғылардың, әр түрлі агрегаттардың және оларға арналған 
жетектердің, шамшырақтардың және т.б. металл қаптамалары және корпусы; 
тарату қалқандарының, қалқаншалардың және шкафтардың металл 
қаңқалары; 
шоғырсымдық жалғастырғыштардың металл құрылымдары және металл 
корпустары, шоғырсымдардың және сымдардың металл қабықшалары, 
электрлік сымдар желісінің болат құбырлары; 
өлшеу трансформаторларының екіншілік орамалары. 
Жерге тұйықталмайды: 
аспалы оқшаулағыштардың арматурасы және тіректі оқшаулағыштардың 
істіктері; 
жерге тұйықталған металл құрылымдарда орнатылған жабдықтар, себебі 
олардың тіректі беттерінде электрлік түйіспені қамтамасыз етуге арналған 
тазартылмаған сырланбаған жерлер қарастырылу керек; 
қалқаншаларда, қалқандарда, шкафтарда, сонымен қатар тарату 
құрылғылары 
камераларының 
қабырғаларында 
орнатылған 
өлшеу 
аспаптарының және релелердің корпустары; 
жобада айрықша келісілетін жағдайларда бақылау шоғырсымдарының 
металл қабықшалары. 


141 
5.4 сур. Тік бұрышты (а) және дөңгелек (
б

қимасы бар жерге тұйықтағыш өткізгішті 
құбыр желісіне дәнекерлеумен жалғау 
5.5 сур. Жерге тұйықтағыш өткізгішті құбыр 
желісіне қамыт көмегімен жалғау
Қорғаныстық жерге тұйықтау топырақта өткізілген және жалпақ контурға 
өзара жалғанған сыртқы құрылғыдан және қондырғы орналасатын орынжай 
қабырғалары бойынша өткізілетін жерге тұйықтағыш өткізгіштерден 
құралатын және сыртқы контурға жалғанатын ішкі желіден құралады. 
Топыраққа өткізілген металл жерге тұйықтаушылар жермен жанасудың 
үлкен ауданына ие болып, контурдың кіші электрлік кедергісін қамтамасыз 
етеді. 
Электрлік қондырғыларды жерге тұйықтау үшін бірінші кезекте жерге 
төселген металл құбыр желілеріне өткізілген 
табиғи жерге тұйықтаушылар 
(жанатын, жеңіл тұтанатын және жарылғыш сұйықтықтар немесе газдар бар 
құбыр желілерін қоспағанда); шегендеу құбырлары; жермен сенімді 
жалғанған ғимараттардың және құрылыстардың металл және темірбетон 
құрылымдары; жерде өткізілген шоғырсымдардың қорғасын қабықшалары 
және кернеуі 1000 В дейін болатын әуе желілерінің қайталама жерге 
тұйықтаушылары бар нөлдік жұмыс сымдары қолданылу керек. Табиғи жерге 
тұйықтаушылар (соңғыларын қоспағанда) кем дегенде екі жерде электрлік 
қондырғыдағы жерге тұйықтағыш магистральға жалғану керек. 
Жерге тұйықтағыш өткізгіштерді жерге тұйықтаушымен жалғау, сонымен 
қатар жерге тұйықтағыш өткізгіштерді өзара жалғау дәнекерлеумен жүргізеді, 
сонымен қатар қабаттастыру ұзындығы (дәнекерлеу тігісі) оның тік бұрышты 
қимасы кезінде өткізгіштің екі еніне тең болу керек және дөңгелек қима 
кезінде - алты диаметрге. Екі жолақты үсті-үстіне Т-тәрізді жалғау кезінде 
қабаттастыру ұзындығы олардың енімен анықталады. 
Жерге тұйықтағыш өткізгіштерді құбыр желілеріне жалғау дәнекерлеумен 
орындалады (5.4 сур.) немесе, егер бұл мүмкін болмаса, ғимаратқа құбыр 
желілері кіретін жақтан (су өлшегішке, ысырмаға, ернемекке дейін) 
қамыттармен (5.5 сур.). Құрастырғаннан кейін жерде орналасқан дәнекерлеу 
тігістері коррозиядан қорғау үшін битуммен қапталады.
Егер табиғи жерге тұйықтаушылар болмаса немесе олар есептік 
талаптарды қанағаттандырмаса, тік, көлденең және тереңдетілген болуы 
мүмкін жасанды жерге тұйықтаушылардан сыртқы жерге тұйықтау контурын 
құрастырады. 


142 
Тік жерге тұйықтағыштар — бұл жерге қадалған болат құбырлар 
(кондициялық емес) немесе бұрыштамалық болат (қабырға қалыңдығы кем 
дегенде 4 мм және ұзындығы 2,5... 3 м), сонымен қатар жерге бұрғылап 
бекітілген болат өзектер (диаметрі 10.16 мм және ұзындығы 4,5.5 м). 
Қалыңдығы кем дегенде 4 мм болатын жерде өткізілген болат жолақтар 
немесе диаметрі кем дегенде 10 мм болатын дөңгелек болат жерге 
тұйықтаудың дербес элементтері болып табылатын немесе тік жерге 
тұйықтаушыларды бір-бірімен байланыстыру үшін арналған көлденең 
жасанды жерге тұйықтаушылар болып табылады. 
Көлденең жерге тұйықтаушылардың бір түрі әуе желілері тіректерінің 
және салынатын ғимараттардың іргетастарын салу кезінде шұңқырлар түбіне 
төселетін тереңдетілген жерге тұйықтағыштар болып табылады. Оларды 
құрастыру ұйымының шеберханаларында қимасы30x4 мм болатын жолақты 
болаттан немесе диаметрі 12 мм болатын дөңгелек болаттан жасалған алдын 
ала өлшеуден кейін жасайды. Жерге тұйықтағыштар пішіні, олардың саны, 
қимасы және орналасуы жобамен анықталады. 
Жерге тұйықтағыш өткізгіштер ретінде табиғи өткізгіштер, яғни 
ғимараттардың металл құрылымдары (фермалар, бағаналар және т.б.); 
өндірістік мақсаттағы металл құрылымдар (кранасты жолдар, тарату 
құрылғыларының қаңқалары, галереялар, алаңдар, жеделсаты шахталары
көтергіштер және т.б.); электрлік сымдар желісінің болат құбырлары; 
шоғырсымдардың металл қабықшалары (бірақ сауыт емес) қолданылуы 
мүмкін.Нөлдеу үшін барлық жағдайларла шоғырсымдардың алюминий 
қабықшаларының болуы жеткілікті, ал қорғасын қабықшаның болуы, әдетте, 
жеткіліксіз. 
Жарылыс қауіпті орынжайларда арнайы өткізілген жерге тұйықтағыш 
өткізгіштер қолданылады, ал табиғи өткізгіштер қосымша қорғаныс шаралары 
ретінде қарастырылады. Бейтарап сым жерге тұйықталған кезде (380/220 
немесе 220/127 В желілердің) жарылыс қауіпті қондырғылардың электрлік 
қабылдағыштарының нөлденуі сымдар жүйесінің және шоғырсымдардың 
жеке бөлінген тарамдарымен жүргізілу керек;бейтарап сым оқшауланған 
кезде жерге тұйықтау үшін болат өткізгіштер қолданылуы мүмкін. 
Коррозия нәтижесінде жылдам ыдырауға байланысты қаптамасыз 
алюминий өткізгіштерді жерге тұйықтаушылар ретінде қолдануға тыйым 
салынады. 
Сыртқы жерге тұйықтау контурын құрастыру және ішкі жерге 
тұйықтағыш желіні өткізу электрлік қондырғының сызбалық жұмыс 
жобалары бойынша жүргізіледі. 
Тесу жұмыстарын орындау, төсеме бөліктерді орнату, еркін 
саңылауларды, атыздарды және басқа саңылауларды дайындау, қабырғаларға 
және іргетастарға өтпелі құбырларды төсеу, сыртқы жерге тұйықтау контурын 
төсеу үшін жер орларын қазу электрлік құрастыру жұмыстарына 
дайындаудың бірінші кезеңінде жүзеге асырылады. 
Сыртқы жерге тұйықтау контуры тереңдігі 0,7 м болатын жер орларында 
төселеді. Болат құбыр тілімдері, дөңгелек өзектер және ұзындығы 3...5 м 
болатын бұрыштамалар түріндегі жасанды жерге тұйықтаушылар топыраққа 


143 
орау немесе дірілмен батыру арқылы батырылады, осы жағдайда электродтың 
бастиегі жер бетінен 0,5 м тереңдігінде орналасу керек.Тереңдетілген жерге 
тұйықтаушылар бір-бірімен дәнекерлеу көмегімен қимасы 40x4 мм болатын 
болат жолақтармен жалғанады. Жолақтар жерге тұйықтаушыларға 
дәнекерленетін жерлер коррозиядан қорғау үшін қыздырылған битуммен 
қапталады. Жерде орналастырылған жерге тұйықтаушылар және жерге 
тұйықтағыш өткізгіштер сырланбау керек. Орларды оларға төселген жерге 
тұйықтағыш өткізгіштермен және жерге тұйықтаушылармен бірге құрамында 
тастар және құрылыс қоқысы жоқ жермен жабады. 
Табиғи жерге тұйықтаушылар электрлік қондырғының жерге тұйықтағыш 
магистральдарымен әр түрлі жерлерде жалғанған кем дегенде екі өткізгішпен 
байланыстырылады. Жерге тұйықтағыш өткізгіштерді тартылған жерге 
тұйықтаушылармен (мысалы, құбыр желілері) жалғау түйіспелік бетіне 
қызмет көрсетілетін дәнекерлеу немесе қамыттар көмегімен ғимаратқа 
кіргізілетін 
олардың 
кірістері 
жанында 
орындалады. 
Қамыттар 
орналастырылатын жерлерде құбырлар тазартылады. Тоқ қабылдағыштарын 
жалғау орындары және әдістері келесі шартпен таңдалады, жөндеу 
жұмыстары үшін құбыр желісін ажырату кезінде жерге тұйықтағыш 
құрылғының үздіксіз әрекеті қамтамасыз етілу керек. Су өлшегіштерде және 
ысырмаларда айналма қосылыстарды орнатады. 
Ішкі жерге тұйықтау желісі орынжайлар ішінде тік бұрышты және 
дөңгелек қималары бар қаптамасыз болат өткізгіштердің құрылыс беттері 
бойынша өткізілген ашық төсемемен орындалады. 5.6 сур. қорғаныстық жерге 
тұйықтау өткізгіштерін төсеу, бекіту және жалғау мысалдары көрсетілген. 
Ашық өткізілетін қаптамасыз жерге тұйықтағыш өткізгіштер тік, көлденең 
немесе ғимараттардың көлбеу құрылымдарына параллель орналасады. Тік 
бұрышты қимасы бар өткізгіштер негіз беттеріне үлкен жазықтықпен 
орнатылады. Түз сызықты төсеу учаскелерінде көзге көрінетін тегіссіздіктер 
және иілімдер болмау керек. Құрамында уытты булар және газдар жоқ құрғақ 
орынжайларда бетон немесе кірпіш бойынша өткізілетін жерге тұйықтағыш 
өткізгіштер тікелей қабырғаларда бекітіледі, ал дымқыл, аса дымқыл, уытты 
булар және газдар бар орынжайларда – тіректерде қабырғалар беттерінен кем 
дегенде 10 мм қашықтығында. Арналарда жерге тұйықтағыш өткізгіштер 
алмалы жабынның төменгі бетінен кем дегенде 50 мм қашықтығында 
орналасады. Тік учаскелерде жерге тұйықтағыш өткізгіштерді бекітуге 
арналған тіректер арасындағы қашықтық 600.1000 мм құрайды. 
Жерге тұйықтағыш өткізгіштер олар шоғырсымдармен және құбыр 
желілерімен 
қиылысатын 
жерлерде, 
сонымен 
қатар 
механикалық 
зақымданулар болуы мүмкін басқа жерлерде құбырлармен немесе басқа 
әдістермен қорғалады. 


144 
Орынжайларда жерге тұйықтағыш өткізгіштер тексеру үшін қол жетімді 
болу керек, бірақ бұл талап шоғырсымдардың нөлдік тарамдарына және 
металл қабықшаларына, жасырын электрлік тораптың құбыр желілеріне және 
жерде орналасатын металл құрылымдарға жатқызылады. Қабырғалар арқылы 
жерге тұйықтағыш өткізгіштер ашық саңылауларда, құбырларда немесе қатты 
жиектемелерде өткізіледі. 
Электрлік қондырғының әр жерге тұйықталатын элементі жерге 
тұйықтағыш магистральға жеке тармақталым көмегімен жалғануы тиіс. Жерге 
тұйықтағыш өткізгішке бірнеше жерге тұйықталатын элементті бірізді 
жалғауға тыйым салынады. 
Керең жерге тұйықталатын немесе сыйымдылықты тоқты қарымталайтын 
аппараттар арқылы тұйықталатын трансформаторлардың бейтарап сымдары 
жерге тұйықтаушыға немесе құрама жерге тұйықтау шиналарына жеке жерге 
тұйықтағыш 
өткізгіштер 
көмегімен 
жалғанады. 
Өлшеу 
трансформаторларының екіншілік орамаларының жерге тұйықталатын 
шығыстары олардың қаптамаларына жерге тұйықтағыш бұрандамалармен 
жалғанады. 
Шоғырсымдардың металл қабықшаларын және тосқауылын жерге 
тұйықтау үшін арналған икемді ұстатқыштар оларға сымнан жасалған 
бандажбен бекітіледі және дәнекерленеді, кейін бұрандамалық түйіспелермен 
шоғырсымдық бітемемен (жалғастырғышпен) және жерге тұйықтағыш 
құрылыммен жалғанады. Икемді ұстатқыштар қималары осы электрлік 
5.6 сур. Жалпақ және дөңгелек шиналарды төсеу (а) және құрсаулармен (б), электрлік 
дәнекерлеумен (в) және атылатын дюбельдермен (г), үсті-үстіне дәнекерлеумен (д) және 
электродқа дәнекерлеумен (е) бекіту нұсқалары 
Құрсау 


145 
қондырғы үшін қабылданған жерге тұйықтағыш өткізгіштер қималарына 
сәйкес келу керек. Жерге тұйықтағыш ұстатқыш шоғырсымның алюминий 
қабықшасымен жалғанатын жерлер дәнекерлеуден кейін асфальт лагымен 
немесе ыстық битуммен қапталады. 
Жерге тұйықтағыш өткізгіштерді бір-бірімен жалғау және олардың 
қондырғы құрылымдарына жалғау дәнекерлеумен орындалады, ал аппараттар 
және машиналар корпустарына жалғау – дәнекерлеумен немесе сенімді 
бұрандамалық қосылыспен. Сілку және дірілдер кезінде түйіспенің босап 
кетуінің алдын алу үшін қарсысомындар, серіппелік тығырықтар және т.б. 
орнатылады. 
Жерге тұйықталатын электрлік жабдықтағы жерге тұйықтағыш 
өткізгіштер жалғанатын жерлердегі түйіспелік беттер, сонымен қатар жерге 
тұйықталатын жабдықтар және ол орнатылған құрылымдар арасындағы 
түйіспелік беттер металл жылтырлығына дейін тазартылып, вазелиннің жұқа 
қабатымен қапталу керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет