Бірінші санатқа
электр энергиясын берудегі үзілістер адамдардың өміріне
қауіп төндіріп, халық шаруашылығына белгілі бір зиян келтіретін, құны
қымбат негізгі құрылғы істен шығып, өнімдер жаппай жарамсыз болатын,
маңызды коммуналды шаруашылық элементтерінің қызметі бұзылатын
тұтынушылар жатады.
Екінші санатты электр қабылдағыштар құрайды, оларда электрмен қамту
16
үзілістері өнімнің жеткілікті шығарылмауына, жұмыскерлердің жұмысы
жаппай тоқтауына, механизмдер мен өнеркәсіптік көліктің тоқтауына,
біршама халықтың қалыпты қызметінің бұзылуына алып келеді. Аталған
тұтынушылар электр энергиясымен екі тәуелсіз энергия көзімен қамтамасыз
етіледі. Олардың бірінші электрмен қамту бұзылған жағдайда резервтік қорек
көзін қосу үшін кезекші персонал немесе көшпелі жедел бригадаға біршама
уақыт қажет болады.
Электр энергиясын барлық қалған тұтынушылар
үшінші санатқа
жатқызылады. Аталған тұтынушыларды электрмен бір энергия көзінен
қамтамасыз етуге болады.
Кез келген электр энергиясын тұтынушының қалыпты жұмысы тек
үздіксіз электрмен қамтуды ғана емес, белгілі энергия сапасын да талап етеді,
оның көрсеткіштеріне: кернеу мен жиіліктің белгіленген номиналды шамадан
ауытқуы, кернеу мен жиіліктің құбылуы, кернеудің қисық формасының
синусоидалы болмауы, үш фазалы кернеу жүйесінің симметриялы болмауы.
Жиіліктің ауытқуы деп жиіліктің нақты мәні мен 10 минут аралықтағы
айырмашылығын түсіндіреді. Бұл ауытқу 0,1 Гц аспауы керек. Бұдан басқа
жиіліктің 0,2 Гц/с аспайтын ауытқуына жол беріледі. Тоқтың тұрақты жиілігін
қалпында ұстау үшін қажет болған жағдайда қосалқы генераторлар жұмысын
пайдалану керек немесе электр жүйесін электр энергиясын пайдалануды
шектеу немесе үшінші топтағы қорек көзін сөндіру арқылы қайта жүктеуге
болады.
Әр түрлі тұтынушылар үшін кернеудің ауытқуының шекті шамалары әр
алуан болады. Мысалы, шамдар үшін ол номиналды шаманың 2,5...5 %
құрайды, ал электр қозғалтқыштары үшін — 5 . 1 0 % ,
б а с қ а
т ұ т ы н у ш ы л а р ү ш і н — 5 %.
Кернеудің
ауытқуын
шектеу
үшін
подстанцияларда
күш
трансформаторларының кернеу сатыларын ауыстырып қосады, параллель
жұмысқа қосады немесе резервтік трансформаторларды, желілерді және
электр станциясы генераторларын сөндіреді.
Электр энергиясын өндіру, беру және тарату үшін көп мөлшерде отын
және әр түрлі техникалық құралдар, сонымен қатар, көптеген адамдардың
еңбегі жұмсалады, олар станциялардың және подстанциялардың электрлік
желілерін пайдалану және жөндеу бойынша жұмыс жүргізеді, сол себепті
электр энергиясын үнемдеп жұмсау қажет.
Электр энергиясын үнемдеудің көптеген тәсілдері бар. Мысалы,
өнеркәсіпте
оны
білдектердің
бос
жүрісін
қысқарту,
электрлік
қозғалтқыштардың қалыпты жүктемесі, электрлік құрылғылардың жақсы
күтімі
(мойынтіректегі
майды
уақытылы
алмастыру,
электрлік
қозғалтқыштарды сапалы жөндеу), технологиялық үдерістердің дұрыстығы
және т.б. Жарықтандыру барысында электр энергиясын біршама үнемдеуге
шамдар құрылымы мен қуатын дұрыс таңдау, шамдар мен арматураны шаң
мен ластанудан уақытылы тазарту есебінен қол жеткізуге болады. Іс жүзінде
әрбір тұтынушының электр энергиясын үнемдеуге өзінің мүмкіндіктері және
резервтері болады, олар тұтынушының өзінің және халық шаруашылығының
17
мүддесіне орай пайдаланылуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |