218
арнайы құралмен өлшейді. Ерекше жауапты жағдайларда РУ жинақ
шиналарын дәнекерлеу сапасын бақылау үшін рентгент ақау көргіштікті
және басқа да әдістерді қолданады.
Дәнекерлеп қосу, егер сыртық дәнекер сымдарын күйіп қалса,
жалғауды майыстыру кезінде металл тігісінің бүтіндігі бұзылған кезде
немесе отырғызу қалқанының тереңдігі тарам диаметрінен 1/3 артық
болса жарамсыз болып есептеледі.
Тығыздалған түйіспелік жалғаулар, олардың саңылау өлшемдерін
монтаждау бойынша нұсқаулық талаптарына сәйкес келмесе, жалғаудың
сыртқы бетінде жарықтар, механикалық зақымдар немесе тот іздері
болатын болса, сонымен қатар пресстелген жалғау оның ұзындығынан 3 %
артық болса ақаулы болып саналады.
Жалғаудың кез келген түрі кезінде басты ақау белгісі өтпелі кедергінің
немесе учаскеде кернеудің құлауы сол тізбектегі және сол ұзындықтағы,
бірақ жалғауы жоқ учаскеде өлшенген мөлшер мәнімен салыстырғанда 1,2
есе асу болып табылады. Өлшеу микровольтпен немесе микроомметрмен
өлшенеді.
Тығыздалатын жалғау сапасын бақылау үшін қысу орнында қалған
қалдықты өлшеу және алынған мәліметтерді нормамен салыстыру кеңінен
қолданылады (7.9 сур. қар.).
Бақылауға пресстеліп орындалған жинақ шиналарының 3...5%
жалғаулары және жоғары вольтты желілердің 5.10% алынады.
Достарыңызбен бөлісу: