Пәннің мақсаты
|
*Оқытудың күтілетін нәтижелері (ОН)
Пәнді оқыту нәтижесінде білім алушы қабілетті болады:
|
ОН қол жеткізу индикаторлары (ЖИ)
(әрбір ОН-ге кемінде 2 индикатор)
|
«Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананың модернизациясы» мемлекеттік бағдарламасымен анықталған қоғамдық сана модернизациясының тапсырмаларын шешу контекстінде әлеуметтік-гуманитарлық дүниетанымды қалыптастыру.
|
1-ОН. Әлеуметтану ғылымының зерттеу ерекшеліктерін айқындау негізінде зерттеулерді ұйымдастыруды және алғашқы мәліметтерді жинау әдістерін еркін түрде қолдана білуді қалыптастыру;
|
1.1ЖИ – базалық әлеуметтанулық категориялардың мазмұны мен мәнін анықтау;
1.2 ЖИ – әлеуметтанулық теорияларды түсіндіру;
1.3 ЖИ – әлеуметтанулық зерттеу түрлерінің, ақпараттарды жинау әдістерінің мүмкіндіктерін сипаттау;
|
2-ОН. Қоғамның әлеуметтік құрылымына қатысты нәтижелерді жинақтау арқылы тұлға мен отбасының алатын орны мен әлеуметтену ерекшеліктерін негіздеу;
|
2.1 ЖИ – қоғамның таптық, кәсіби, аймақтық, демографиялық құрылымын жүйелеу;
2.2 ЖИ – тұлғаның әлеуметтену ерекшеліктерін сипаттау;
2.3 ЖИ – отбасының әлеуметтік институт ретіндегі ролі мен маңызына көз жеткізу;
|
3-ОН. Девиацияның қалыптасу жағдайларына талдау жасау нәтижесінде оларды реттестірудегі, қоғамдық сананы дамытудағы әлеуметтік институттардың маңызын көрсету;
|
3.1 ЖИ –девиантты мінез-құлық түрлерін ажыратып көрсету;
3.2 ЖИ – дін мен мәдениеттің қоғамдағы ынтымақтастықты қалыптастырудағы ролін айқындау;
3.3 ЖИ – этноәлеуметтенудің азаматтық қоғамдағы өзгерістерін саралау;
|
4-ОН. Жаһандану жағдайындағы теңсіздіктерді айқындау және ақпараттық қоғамның олардың қалыптасуына әсеріне әлеуметтанулық тұрғыдан қорытынды жасау;
|
4.1 ЖИ – білімнің әлеуметтік теңсіздікке әсерін айқындау;
4.2 ЖИ – масс-медианың мүмкіндіктерін бағалау;
4.3ЖИ – жаһандану концепцияларына талдау жасау;
|
5-ОН. Қоғамдағы модернизациялық өзгерістерге, урбанизация процесіне талдау жасау негізінде олардың халықтың әлеуметтік денсаулығының сапалық көрсеткіштеріне әсерін бағалау;
|
5.1 ЖИ – халықтың физикалық және психикалық денсаулығының өлшемдерін дайындау;
5.2 ЖИ – урбанизация процесінің жетістіктері мен проблемаларын тұжырымдау;
5.3 ЖИ – модернизациялық және инновациялық өзгерістерді талқылау.
|
Пререквизиттер
|
SIK 1101-Қазақстанның қазіргі заман тарихы
POPK2108 - Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері
|
Постреквизиттер
|
-
|
|