Аналогияның түрлері. Аналогияда бір объектіден екінші объектіге қасиеттер немесе қатынастарды ауыстыру жүруіне қарай, оның формасы бойынша негізгі екі түрін атауға болады: қасиеттер аналогиясы және қатынастар аналогиясы. Қасиеттер аналогиясында ұқсас объектілер қасиеттері бойынша салыстырылады және бағаланады. Сондықтан осы жағдайда ауысатын белгі ретінде қасиетті атауға болады.
Қатынастар аналогиясында объектілер арасындғы қатынастардың ұқсастығы қарастырылады. Объектілердің өзі әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, атомның бірінші моделі Күн жүйесінің аналогиясы бойынша құрылған болатын, бұнда Күн ретінде атомның ядросы алынды, ал планеталар ретінде ядроның айналасындағы электрондар алынды. Бұл модельдегі қатынастар аналогиясы белгісіз болып қалады, бірақ кейбір көрнекі ассоциациялар кеңістік өлшемі бойынша сақталып қалады.
Достарыңызбен бөлісу: |