Силлабус педагогикалық зерттеудің әдіснамасы және әдістері


-дәріс. «Білім беру мәселелерін зерттеушінің әдіснамалық мәдениеті»



бет138/213
Дата16.04.2022
өлшемі1,88 Mb.
#31230
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   213
Байланысты:
Силлабус педагогикалы зерттеуді діснамасы ж не дістері

15-дәріс. «Білім беру мәселелерін зерттеушінің әдіснамалық мәдениеті».

Педагог жұмысына қажет түсініктер шеңберіне ең белгісіз, көп мағыналы және талас пікір тудыратындар ішінде «әдіснама»ұғымы бар. Көмескілік әдіснаманың анықтамасынан басталады. Бұл білім берудің нақтылы қажеттілігінен және оның даму тенденцияларынан емес, бір мағынада түсінілмейтін жалпы филасофиялық негіздерден туындайды. «Әдіснама» адам санасындағы бір абстрактылы, идеологиялық және әкімшілік құжаттардан, философиялық мәтіндерден алынған өмірден алыс сілтемелерге әкелетін, педагогикамен жалпы, педагогикалық теория және практикамен жеке алғанда әлсіз байланыстағы сөз.

Бұл – бастауы педагогика аумағынан тысқары жатқан түсініспеушілік. Қаралу деңгейне қарай әдіснаманы әр түрлі түсінеді. Кең мағынада оны теориялық және практикалық әрекетті құрудың ұстанымдары мен тәсілдері жүйесі, сондай – ақ, бұл жүйе туралы ілім. Басқаша, тағы да кең мағынадағы анықтамасы бойынша – бұл ғылыми таным мен әлемді қайта құру әдісі туралы ілім. Қазіргі әдебиетте ғылыми-зерттеу әрекетін құрудың ұстанымдары, түрлері және тәсілдері туралы ілім ретіндегі ғылыми танымның әдіснамасы туралы сөз болып отыр. әдіснама туралы пайдаланулардың анық болмауы педагогика ғылымының ерекшеліктерін ескермей, біресе бірін, тағы бірде басқа анықтамаларын педагогикалық болмысқа көшіруден туындап отыр.

Философиялық, әкімшілік және әсіресе әдіснамалық түрлі ұғымдардың араласуы бұдан бұрынғы он жылдықтарда кеңестік зерттеуші педагогтарға жоғарыдағы биліктегілердің нұсқауларын «ғылымиландырумен» айналысуға тура келуінен болды, себебі тек кейбіреулер ғана мұндай нұсқауларға қайсыбір дәрежеде қарсы тұра алды. Сондықтан да педагогтардың біздің ғылымның әдіснамалық және теориялық мәселелеріне ерекше қызығушылығы болмады, осыдан, әдеттегідей, педагогикалық зерттеулердің сапасы төмен болып қала берді.

Бірақ осының бәріне қарамастан соңғы онжылдықта әдіснама мәнді дамуға ие болды. Ең алдымен, оның зертеушіге көмектесу, зерттеу жұмысы саласындағы арнайы іскерліктерін қалыптастыру бағыттылығы күшейді. Сонымен, әдіснама нормативтік бағыт алуда, оның маңызды міндеті зерттеу жұмысын әдіснамалық қамтамасыз ету. Практика жүзінде бұның қалай екенін қарайық. Ғылымның осы саласындағы өзгерістердің сипатын түсіну үшін ғылыми таным әдіснамасы дамуының жалпы бпрысын қарастыру қажет. Өткен ғасырдың өзінде зерттеуші алған нәтижесін өзі негіздеуі керек еді. Одан бұл нәтиженің білімінң осы саласында қабылданған ережеге сай екенін және оның ғылымының кеңірек жүйесіне қалай енетіні көрсетілуі талап етілді. Қазіргі уақытта бұл зерттеу іске асырылмай тұрғанда негізделуі қажет. Зерттеуші негізгі сүйенетін қағидаларды, зерттеу логикасын, болашақтағы нәтижені және бұл нәтиженің алу тәсілін белгілеу керек.

Әдіснаманың әдіснамалық білімнің жалпы жүйесіндегі орнын анықтау үшін, әдіснаманың бірнеше деңгейлерін ажырату қажет. Олардың алғашқысының мазмұны – философиялық білімдер. Екінші дейгей – жалпы ғылымилық әдіснама. Үшінші деңгей – нақты пәнде, м ысалы, педагогикада қолданылатын зерттеудің әдістерінің ұстанымдарының және тәсілдерінің жиынтығы. Арнайы ғылымның осы саладағы ғылыми танымға тән мәселелерді сондай-ақ алдыңғы деңгейге қатысты, мысалы, жүйелілік тұрғыда, немесе модельдеуді педагогикаға қолдану сияқты сұрақтарды да қамтиды.

Әдіснамалық білімдерсіз педагогикалық және басқа да зерттеулерді жүргізу мүмкін емес.

Мұндай сауаттылық мазмұнына әдіснамалық рефлекция ғылыми негіздеме жасауға, белгілі бір тұжырымдамаларды, танымның, басқарудың, құратырудың формалары мен әдістерін шығармашылықпен қолдана білу қабілеті енетініні әдіснамалық мәдениетті меңгертеді.

Бірақ әдіснамалық мәдениет тек ғылыми қызметкерге ғана емес. Жалпы алғанда, әдіснамалық мәдениет – қажетті бөлігі рефлекция болатын әдіснамалық білімдерге негізделген ойлау мәдениеті. Мұндай мәдениет ғылымға қалай керек болса, практикаға сондай қажет. Педагогикалық үрдістегі ойлау актісі бұл үрдістегі мәселелерді шешуге бағытталған және бұл жерде рефлекциясыз, яғни өз әрекеті туралы пайымдаусыз мүмкін болмайды.

Ғылым мен мұғалімнің әдіснамалық мәдениеті арасындағы айырмашылық – біріншісі ғылыми педагогикалық білімдерді алады, «жасайды», ал, екіншісі оларды пайдаланады.

Мұғалім үшін әдіснамалық мәдениетті меңгеру дегеніміз – ол пеадгогиканың әдіснамасын білу және бұл білімді педагогикалық жағдаяттарды шешкенде пайдалана білу.мәдениеттің бұл түрінің негізгі бөліктері: оқу-тәрбие үрдісін жобалау және құрастыру; педагогикалық міндеттерді сезіну; даярлау және шығармашылықпен шешу, әдістемелік рефлекция. Бұл құрамдас бөліктер мұғалімнің кәсіби әрекетінің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді, оның шығармашылық тұлғасын сиапаттайды.

Бірақ ғалым мен мұғалім арасында бұл ретте өтілмейтін жиек жоқ. Жалпы, екеуіне педагогика саласынадғы интеллектуалдық міндеттерді шешу ортақ болып табылады, ал ол үшін мәселені көре білу және оны фактілік материалмен сәйкестендіру болжам жасау және оны іске асыру нәтижелерін ойластырып көру, егер осылай болса, не болар еді деп, міндеттерді шешу жолдарын бірізді қадамдарға бөлебілу іскерліктері қажет. Бұл ретте мұғалімнің әдіснамалық мәдениетінің ең маңызды белгісі - өз жұмысын талдау және жетілдіру үшін ғылыми-педагогикалық білімдерді пайдаланып көруі және қолдана білуі. Әдіснамалық сауаттылық – бұл жемісті жұмыстың алғышарты. Мұғалім өзі педагогика ғылым мен практикасының қандай байланыста, бұл байланыста педагогтың орны қандай, оның практтикалық жұмысында зерттеу әдістері қандай орын алады. Әдіснамалық мәдениеттің басқа элементеріне міндеттерді сезіну және оларды шығармашылықпен шешу, әдістемелік рефлекция (өз жұмысын ғылыми тұрғыдан ойластыра білу) және оқу-тәрбие үрдісін жобалай алу қажет.Егер әрбір педагогтың, зерттеушінің және практиктің жетістігі ретіндегі әдіснамалық мәдиниетті емес, бүкіл педагогиканың әдіснамасы деп аталатын ғылыми саланы алсақ (әдіснаманың үшінші деңгейі), ғалымдағы көп жылғы талқылаулардан, пікір таластардан және нақты зерттеулік жазбалардан соң, біз мынадай анықтаманы беруімізге болады: педагогиканың әдіснамасы дегеніміз – педагогиканың теориялық негіздері мен құрылымы, педагогикалық болмысты бейнелейтін білімдерді алу тәсілдері мен зерттеу жұмысының сапасын бағалаудың бағдарламаларын логикасын және әдістерін негіздеудің ұстаныдары туралы білімдер жүйесі.

Тұтас алғанда ғылым сияқты ғылыми танымның бұл саласы екі қырынан көрінеді: білім жүйесі ретінде ғылыми – зерттеу әрекеті жүйесі реттінде. Әрекеттің екі түрі бар - әдістамалық зерттеулер және зерттеуді әдіснамалық қамтамассыз ету алынып отыр. Алғашқыларының міндеті педагогика ғылымының практикамен байланысы түрінде даму заңдылықтары мен тенденциялары, педагогикалық зерттелердің тиімділігі мен сапасын арттыру, олардың ұғымдық құрамы мен әдістерін талдау. Зерттеуді әдіснамалық қамтамассыз ету - әдістамалық білімдерді зерттеу бағдарламасын негіздеу мен оның сапасы бағалауға қолдану.

Мұғалім мен ғалым әдістамалық білімдерді әр түрлі қолданады. Егер мұғалім мен ғалым әдістамалық білімдерді әр түрлі қолданады егер мұғалім шын мәнінде зерттеу жұмысы мен айналысқысы келсе, жоғары да әңгімеленген әдіснамалық мәдиниет жеткіліксіз. Ғылыми жұмыспен оқыту және тәрбие практикасы – осы кітаптың екі тарауында айтылғандай әрекеттің әр түрлеріне жатады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   213




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет