Силлабус педагогикалық зерттеудің әдіснамасы және әдістері


-семинар . «Білім беру мәселелерін зерттеу глоссариін жасау



бет174/213
Дата16.04.2022
өлшемі1,88 Mb.
#31230
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   213
Байланысты:
Силлабус педагогикалы зерттеуді діснамасы ж не дістері

9-семинар . «Білім беру мәселелерін зерттеу глоссариін жасау». Глоссарий

Аксиология – құндылықтар туралы ғылым. Құндылықтар ең алдымен саяси мүдде жағынан алғанда тікелей экономикалық мүдделермен байланысты анықталады.

Аксиома - мәнді, негізгі қабылданған жағдай;

Академиялық күнтізбе – оқу жылы барысындағы оқу және бақылау іс-шараларын, демалыс күндері, (каникулдар мен мерекелерді) көрсететін күнтізбе;

Акдемиялық кезең – теориялық оқыту кезеңінде жоғары оқу үш насанының (семестр, триместр, тоқсан) бірін таңдап алады.

Кредит студенттің оқушының оқу жұмыс көлемінің өлшем бірлігі. 1 кредит семестрлік академиялық кезеңде 45 академиялық сағатқа тең. Әр бір лекциялық, практикалық (семинарлық) және студиялық сабақтың академиялық сағаты міндетті түрде студенттің өзіндік жұмысының (СӨЖ) 2 контакты сағатымен (100 минут) толықтырлады.

Силлабус – оқу пәні бойынша студентті оқыту бағдарламасы. Силлабус оқу пәнімен танысу үшін және студенттің пәнді оқуға, таңдауына негіз болады. Сонымен қатар, силлабусты осы оқу пәнінің жүргізетін оқушы оның ғылыми қызығушылығы мен тәжірбиесі туралы қысқаша мәлімет беріледі.

Студенттің анықтама жол сілтеуші – студенттің құқығы мен міндеттері, барлық оқу кезеңінің жұмыс оқу жоспары, пән бойынша қортынды бағаны есептеу әдістемесі және мемлекеттік қортынды аттестаттау талаптары көрсетілген құжат;

Оқу пәннен жазылу – жоғары оқу орынында белгіленген тәртіппен білім алушылардың оқу пәндеріне алдын ала жазылу рәсімі;

Типтік оқу жсопары - мамандық бойынша жалпыға міндетті білім беру стандартының бір бір бөлігі болып табылатын бекітілген міндетті оқу компоненттерінің тізбегі және жалпы білім беру пәндері, базалық, кәсіптік пәндер циклдерінің кредит санымен берілген негізгі құжат;

Пәннің коды – оқу жоспаырндағы әр пәнге берілген әріптік жүйе сандық көрсеткіш, ол оқу пәнінің циклі мен оқытылу тәртібін көрсетеді;

Элективті курстар – оқу орны Ғылыми Кеңесінде бекітілген оқу жоспарына енетін, студенттің өз қалауы бойынша таңдайтын оқу жүйесі компоненттері;

Жұмыс оқу жоспары – оқу пәндерінің тізімін, көлемін және барысындағы блім кеңістігін анықтайтын басты құжат;

Білім алушының оқу жетістіктерін баұылау – түрлі бақылау тапсырмалары негізінде (жазбаша жұмыстар, тестілер, практикалық жұмыстар, ауызша сұрау т.б.) білім алушылардың нақты пән бойынша меңгерген білімін тексеру; ол ағымдық, аралық және қортынды бақылау болып бөлінеді;

Үлгерімініңағымдық бақылауы – пән тьюторының оқу пәннің әр тақырыбы немесе бөлімі бойынша студенттің оқу үлгермін жүйелі тексеруі;

Үлгерімнің аралық бақылауы – бекітілген академиялық күнтізбеге сәйкес жүргізілетін білім алушылардың оқудағы жетістігіне мерзімдік бақылау;

Қорытынды бақылау – білім алушылардың оқудағы жетістігін бақылау үшін жүргізілетін тексеріс; қорытынды бақылауды жүргізудің нысаны жазбаша, ауызша, тестілеу, біріктірілген емтихан болып табылады;

Апелляция – студент өтініші бойынша білімін бағалауды орын алған кемшіліктерді жою мақсатымен өткізілген процедура;

Білім алушылардың академиялық рейтингі – аралық аттестаттау нәтижелері бойынша жасалатын білім алушының бағдарламалық материалды меңгеру деңгейінің сандық көрсеткіші;

Үлгерімнің орташа балы – студенттің таңдап алған бағдарламасы бойынша оқу жылы ішіндегі орташа білімінің қорытындысы;

Білім алушылардың өздік жұмысы – оқу-әдістемелік әдебиеттермен және ұсыныстармн қамтамасыз етілген тестілер, бақылау жұмыстары, коллеквиумдар, рефераттар, шығармалар мен есептер түрінде бақыланатын, өз бетінше оқып-тануына бөлінген белгілі бір тақырыптар тізбесі бойынша жұмыс;

Оқытушының басшылығымен жасалатын білім алушының өздік жұмысы – кестеде көрсетілген ақытушының басшылығымен санатына байланысты, ол оқушының басшылығымен жүргізілетін студенттің өздік жұмысы (ОСӨЖ) және оқытушының басшылығымен жүргізілетін магистрантың өздік жұмысы (ОМӨЖ) болып бөлінеді;



Кәсіби практика – студенттің оқу пәні дәрежесіндн білім кеңістігін құрайтын және оның кәсіби біліктілігін жетілдіруге мүмкіндік беретін маңызды сала. Курстан курсқа көшіруде практика бағасы GPA балын есептегенде ескеріледі;

Курстық жұмыс – типтік оқу жоспары бойынша жекелеген оқу пәндерінен студенттің белгілі бір тақырып бойынша ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысуының бастамасы;

Академиялық анықтама – студенттің тиісті оқу кезеңіндегі өткен пәндері бойынша меңгерген кредиттері мен бағалары әріппен және санмен көрсетілген құжат;

Эдвайзер - оқу кезеңінде білім бағдарламасы меңгеруге бағыт беретін арнаулы кафедра оқытушысы.

Жазғы семестр – студенттің қосымша оқу немесе академиялық қарыздарын жою мақсатында деканат ұйымдастырады. Студенттің жазғы семестрде оқуы ақылы негізде болып, оған жазылуын офис-регистратор жүзеге аысрады. Жазғы семестрдің ұзақтығы мамандықтар мен курстар бойынша оқу процесінің академиялық күнтізбесімен анықталады.

Транскрипт – студенттің әр академиялық кезеңде өтілген оқу пәндері бойынша жинаған кредит саны бағалары көрсетілген академиялық анықтама.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   213




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет