Силлабус пәннің ОҚу бағдарламасы


Тақырып: Ақпарат іздеу Қарастырылатын сұрақтар



бет18/48
Дата15.12.2023
өлшемі153,84 Kb.
#138679
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   48
Байланысты:
Силлабус п нні О у ба дарламасы

Тақырып: Ақпарат іздеу
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Ақпаратты іздеу көздері
2. Нені зерттеу қажет?


Мақсаты: Ақпаратты іздеу көздеріне сипаттама беру. Жақсы материалдарды жинау үшін жайттарды ескерту. Зерттеу жұмысының ең негізгі үдерістерін талдау.

Қазіргі таңда кез келген тақырыпта кітапханадан болсын, ғаламтордан болсын көптеген ақпаратты еш қиындықсыз табуға болады. Дегенмен, көп ақпараттардың ішінен студент өзіне қажет ақпаратты дұрыс таба білуі және оны қолдана білуі өте маңызды жайттың бірі болып табылады. Студенттің тек уақытын үнемдеп қана қоймай, сәтті жұмыс жазып шығуына үлкен септігін тигізеді.


Ақпараттарды тауып, жинақтамас бұрын тақырып бойынша осы кезеңгн дейін білетін мәліметтер туралы ойлану қажет. Еске түскен немесе ойға келген идеяларды қағазға жазып отырудың тигізер пайдасы көп. Тақырыпқа байланысты кітаптар мен мақалалардың қолданылған әдебиеттерінің ішінен қажетті мәліметтерін таңдап алуға болады.
Тақырыпқа байланысты материалдарды іздегенде ғаламтор көздерін пайдаланған жөн. Мысалы, Google арқылы сайтына кіріп көп мәліметтер табуға болады.
Әдетте жақсы материалдарды жинау үшін мына жайттарды ескеру қажет:
Бірінші, зерттеу үшін тақырыпқа қатысты сөздердің немесе терминдердің тізбесін жасап алған жөн. Яғни, материалдарды оқу барысында тақырыпқа қатысты сөз тіркестері мен термин сөздер немесежазып алып отыру қажет.
Екінші, тапсырма және зерттеу сұрағы бойынша талап етілетін жайттар туралы ойлану қажет. Көптеген сайттар редакцияланған мақалалар ұсынады, зерттеу жұмысына орай осындай сенімді мәліметтерді ғана қолдануға тырысу қажет.
Үшінші, зерттеу жұмысының қолданылған әдебиеттердің құнды болғанын ескерген жөн. Жұмысқа сілтеменің көп жасалуы, оның құндылығының жоғары екендігін байқатады.
Нені зерттеу қажет? Зерттеу жұмысын жүргізудің негізгі мақсатының бірі – белгілі бір тақырып бойынша тереңдеп білу және ол тақырыпты жетілдіру жолдарын айқындау. Зерттеу жұмысы әдетте қандайда бір мәселені анықтап оны шешу жолын қарастырады.
Зерттеу жұмысы зерттеу әдісін қолдану арқылы сауалдың жауабын табу және оны дәлелдеумен тығыз байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет