Сұхбат алу. Зерттеу әдісінің кең таралған түріне сұхбат алу жатады. Сұхбат алушы мен сұхбат беруші арасында бетпе - бет жүзеге асады. Ол зерттеу жұмысының кең қолданылатын дәстүрлі түрі. Сұхбат алу барысында мына жайттарды есте сақтаған жөн:
- Сұхбат беруші өзіне қызықты мәселе болмаған соң, уақыттарын зеттеу жұмысына жасауға құлықсық болуы мүмкін;
- Ойыңыздағы қиын сауалды бетпе-бет барысында сұхбат алу ыңғайсыз болуы мүмкін;
- Сұхбат берушінің лауазымы немесе дәрежесі, жасы жаражды болатын болса, сұхбат беру барасында басымдық танытып кетуі мүмкін. Сұхбат алушы батыл түрде ойындағы сұрақтарына жауап алмай қалу қаупі бар.
Жалпы сұхбат уақытын алдын ала келісіп, этикалық құжаттарды толтырып, сұхбат берушіге өзінің кім екенін дәлелдейтін құжаттармен барған жөн. Сұхбат алар алдында сұхбат беруші келісімін алып, мәліметтің тек ғылыми бағытта қолданылып, жеке басына қатысты ешқандай ақпараттардың таратылмайтыны жөнінде кепілдеме қағазына қол қойып таныстыру қажет.
Зерттеуге қажетті амал (сауалнама және сұхбат) арқылы мәлімет жинақтағаннан кейін зерттеу нәтижесін талдауға кірісуге болады. Зерттеу нәтижесін талдау қолданылған зерттеу сұрақтарына байланысты. Әрбір жауапқа қажет болған жағдайда статистикалық амалдарды қолдана отырып талдауды бастау қажет.
№9дәріс
Тақырып: Гипотеза және оны құру
Қарастырылатын сұрақтар: 1. Гипотезаға түсініктеме
2. Гипотезаны құру үдерісі
3. Гипотезаның жазылуы және тексерілуі
Мақсаты: Зерттеушінің зерттегісі келетін немесе тексергісі келетін тұжырымы, яғни гепотезаны құру үдерісін үйрену.
Гипотеза - дәлелденбеген тұжырым немесе болжам. Бір гипотеза қашанда тексерілуге, дәлелдеуге бағытталады. Әдетте гипотеза шартты райлы сөйлем түрінде құрылады. Мәселен, «Егер жұмыссыздық көрсеткіші ересек адамдардың арнайы білімінің жоқтығына байланысты болатын болса, оларды арнайы курстарда білімін жетілдіргеннен кейін жұмыссыздықтың азайғанын байқауымызға болады». Демек, «Егер арнайы курстарда ересек адамды оқытсақ, жұмыссыздық азаяды» деген болжам жсауды талап етеді. Ал, «Ересек адамдарды арнайы курстарда оқыту жұмыссыздық көрсеткішін азайтады» деген тұжырымды білдіреді. Гипотезаны жазу барысында «егер», «демек», «болсақ» және т.б сөздер қолданылады.
Сонымен, гипотеза - зерттеушінің зерттегісі келетін немесе тексергісі келетін тұжырымы.