мадригал, ода, сонет, консонетта, пастораль, романс, эклога, элегия, эпиталама,
эпитафия, эпиграмма, қазіргі лирика былайша жіктелмейді, әдебиет
зерттеушісі шартты түрде болса да әрбір лирикалық өлеңді тақырыбына қарай
талдап, саяси лирика, философиялық лирика, табиғат лирикасы, махаббат
лирикасы, көңіл күй лирикасы деп бөліп жүр.
Драма (грекше drama қимыл әрекет). Әдебиеттің үшінші тегі. Шындықты
айрықша тәсілдермен синтез қалпына келтіріп, шиеленіскен тартыстар үстінде
жинақтап оқиғаға қатысатын адамдардың сөзі мен ісі арқылы көрерменнің көз
алдына қолқа қол көрсететін күрделі жанр. «Әдебиеттің ең қиын түрі»
(М.Горький). Белинскийдің байыптауына бақсақ эпос пен лирика «ақиқат
әлемнің екі қиыры» болса, драма сол екі қиырдың қосындысынан туған «үшінші
тірі» өз алдына бөлек. Аралық әлем «поэзияның жоғарғы тегі, өнердің биік өрі».
Драматургия мәселесін қозғағандардың барлығы бәрінен бұрын оның қиындығын
айтады. Мұнда үлкен себеп бар. Өзге жанрлардай емес, драматургияда
шарттылық көп. Алдымен, драматургиялық шығармаға көлем жағынан шек
қойылады. Қандай пьеса болмасын, жетпіс сексен беттен аспау шарт.
Драматургия жанрының құралы баяндау емес. Кейіпкерлердің өзара сұхбат
диалогына құрылады. Автор сөзі ремаркада ғана беріледі. Драма жанры
сюжетке құрылады. Мұнда адам бірінші, оқиға екінші. Оқиғалар сыры адамдар
тартысы арқылы ашылады. Драмалық шығарманың әдеби нұсқасы пьеса,
театрлық сахналық нұсқасы спектакль деп аталады. Драма трагедия комедия
болып бөлінеді. Драмалық шығарма қара сөзбен де, өлең сөзбен де жазылады.
Шекспирдың пьесаларының дені өлең сөзбен, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов пьесалары
өлеңмен жазылған.
№ 13 дәріс
Тақырыбы:
Әдеби стиль
Достарыңызбен бөлісу: