Силлабусы пән туралы ақпарат



бет1/24
Дата24.09.2024
өлшемі93,29 Kb.
#145368
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
Қазақстан тарихы- силлабус


СИЛЛАБУСЫ


1. Пән туралы ақпарат
Пәннің атауы Қазақстан тарихы
Кредит саны____5_____
Курс, семестр 1 курс, 1-семестр, 2023-2024 оқу жылы
Білім бағдарламасының атауы және шифры 6B05301 - Химия, 6В01302, 6В01303, 6В01304.
Институт Тарих және құқық
Кафедра академик Т.С. Садықов атындағы Қазақстан тарихы
Оқытушының аты-жөні, дәрежесі, ғылыми атағы, қызметі: Абенов Даулет Қусаинович, тарих ғылымдарының кандидаты
Контактілік ақпарат (телефон, e-mai) 8 701 432 6328. Aben_60@mail.ru
2. Бақылау түрі (ауызша, жазбаша және тест түріндегі емтихан)*
Курс саясаты:
Жеңілдететін жағдайлар (ауру, Төтенше жағдайлар, күтпеген жағдайлар және т.б.) болған жағдайда үй тапсырмасының немесе СӨЖ мерзімдері ұзартылуы мүмкін.
Сындарлы сұрақтар, диалог, пікірталастарға қатысу, жаттығуларды орындау және кері байланыс құпталады және ынталандырылады, ескеріледі және бағаланады:
1. Әр сабаққа тақырыпқа сәйкес кестеге сәйкес алдын-ала дайындалу керек.
2. Үй тапсырмасы пән кестесінде бөлінген.
3. Үй тапсырмаларының көпшілігінде бірнеше сұрақтар / тапсырмалар болады.
4. СӨЖ көрсетілген мерзімде орындалуы тиіс.
Жиынтық бағалау:
Сіздің қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі: (РК1+РК2) ∙0,3+Экз∙0,4
3. Курстың академиялық презентациясы.
Қазақстан тарихы курсы жалпы қабылданған тарихи кезеңдерге сәйкес құрылған, яғни еліміздің тарихы дүние жүзіндегі тарихи үдерістердің дамуына сәйкестендіріп қарастырылады. Тарихи үдерістің негізгі кезеңдерінің шекті бөлімдері жалпы сипаттамалар арқылы ажыратылады, олар ұйымдастырушылық және мәдени-өркениеттік өлшемдерге ғана негізделмейді, сонымен қатар Қазақстан тарихына қатысты белгілі бір үдерістер мен құбылыстардың тарихи ауқымына байланысты ұлттық ерекшеліктер есепке алынады. Осыған сәйкес дәстүрлі хронологиялық кезеңдер (ежелгі және ортағасырлық, жаңа және қазіргі кезеңдегі тарих) Қазақстан тарихындағы елеулі маңызы бар және айқын көрініс тапқан кезеңдермен толықтырылады. Тарихтың қазіргі және жаңа кезеңін оқыту барысында тақырыптық-проблемалық блоктарды (экономика, саясат, әлеуметтік-мәдени үдерістер, идеология және т.б.) және негізгі уақыт кезеңдерін (мысалы, 1991-1995 ж.ж., 1996-2001 ж .ж., 2002-2007 ж.ж., 2010-2022 ж.ж.,) бөліп көрсету қажет.
Қазақстан тарихын оқыту барысында:
- көне және ортағасырлық тарихты зерттеу үшін ұлттық тарихи дереккөздерге (шежіре-генеология, насаб-наме, ауызша тарихнама, фольклор) көңіл бөлуді арттыру;
- тарихи білімнің бытыраңқылығы мен біржақтылығынан арылу арқылы тарихи кезеңдердің объективті әрі тұтас бейнесін көрсету;
- көне және ортағасырлық тарихқа баса назар аударып, түркі тайпалық құрылымдарының қазақ халқы мен мемлекеттілігінің қалыптасуындағы рөліне ерекше көңіл бөлу;
- Ресей империясының Қазақстанды отаршылдық экспансиялауына объективті баға беру;
- ұлт-азаттық қозғалыстардың рөлі мен маңызын көрсету;
- көрнекті тарихи тұлғалардың рөлін объективті түрде көрсету;
- бұрын ғылыми айналымға енгізілмеген мұрағаттық дереккөздерді ескере отырып, ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихын қайта пайымдау;
- заманауи сын-қатерлерді, 2022 жылғы қаңтар оқиғасының тағылымдарын ескере отырып, өзекті әлеуметтік мәселелерді, дамудың жекелеген салаларындағы тоқырауды, демократияның жеткілікті дамымағанын, мемлекеттік аппараттың кемшіліктерін, діни радикализмнің өсуін, мемлекеттік болжамның әлсіздігі мен қате есептерін және т.б. келеңсіздіктерді жасырмай, тәуелсіздік алған 30 жылдағы қазақ қоғамы өмірінің көп қырлы бейнесін көрсетуге ұмтылу;
- шетелдегі қазақ диаспорасының трагедиясын, тарихын қоғамға жария ету;
- ел тарихы мен оны мекендеген этностардың тарихын өзара ажырата отырып, Қазақстандағы этникалық топтардың тарихына тиісінше көңіл бөлу;
- олигополияның, кландық және билік транзитінің белгісіздігінің жағымсыз салдарларынан арыла отырып, Қазақстан Республикасындағы саяси үдерістерді ырықтандыру мен демократияландыру үдерістерін қарастыру;
- рухани мәдениеттің бірлігі мен тұтастығын сақтаудағы тарихи сабақтастық пен ұрпақ тәжірибесінің рөлін көрсету қажет.
Жоғары оқу орындарындағы жалпы білім беретін пән ретінде «Қазақстан тарихы» курсының XXI ғасырдың білікті, білімді, мәдениетті адамын қалыптастыруда Қазақстан Республикасының тарихын оқып-білу үшін, жас ұрпақ мектеп қабырғасынан қоғамдық және әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің негіздерін игеруі қажет. Жоғары оқу орындарында өтілетін философия, әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, құқық негіздері, этнология, білімдері, өнертану, дінтану, т.б. пәндермен байланысында Қазақстан тарихы білімдері әрі қарай нақтылана, толыға түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет