Симбаева белсенді оқу мен оқытуда қолданылатын әдістер әдістемелік қҰрал



бет56/146
Дата26.01.2022
өлшемі10,79 Mb.
#24394
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   146
Байланысты:
әдіс тәсілдер коучингқа

Рөлдер

Аудитория

Форма

Тақырып

Рөлді таңдау үшін тақырыпты кімнің жақсы аша алатыны ескерілуі тиіс. Ол 5-6 адамнан тұратын әлеуметтік топ

немесе жеке

тұлға болуы мүмкін


Мәтіннің кімге арналатыны анықталады. Ол белгілі бір

адамдар тобы немесе белгілі бір ұйым, әлеуметтік топ, жеке тұлға болуы ықтимал



Мәтін және аудитория ерекшелігі ескеріліп, ойды баяндау үшін жанр таңдалып алынады.

Мысалы, төменгі сынып оқушыларына ертегі түрінде болса, ересектерге баяндама, өлең, эссе, т.б. алуға

болады.


Айтылатын ойды ұтымды жеткізу, оны терең ашу үшін тақырыптың атқаратын рөлі ерекше.




    1. қадам. Рөл, аудитория, тақырып, баяндау формасы ескеріліп, қажетті материал жинақталады.

    2. қадам. Жинақталған материал ой елегінен өткізіліп, баяндау үлгісінің жанрына сай қағаз бетіне түсіріледі.

    3. қадам. Егер топтық жұмыс болса, топта тағы бір рет талқыланады, жаңа идея мен ой қосуға болады, түзетулер енгізіледі.

    4. қадам. Дауыстап оқылып, көпшілікке ұсынылады.

Бұл әдісті екі түрлі жолмен жүзеге асыруға болады. Біріншісінде бәрі құпия болады. Мәтін оқылған соң кімнің атынан, қандай аудиторияға арналғаны, қайсы жанрда жазылғаны және тақырыбы қандай болуы мүмкін екендігін тыңдап отырғандар табады.

Ал екіншісінде рөл бірден беріліп, кімге арналатыны, қай формада жазылатыны, тақырыбы алдын ала ескертіледі.



Мысалы, «Менің атым Қожа» туындысын өткенде Қожа болып сөйлеуге, автор атынан баяндауға, оқырман рөлінде көрінуге болады. Әр пәннің ерекшелігіне байланысты тақырып таңдалып алына береді. Экономика сабағында ақша, жеке кәсіпкер немесе заңгер атынан да сөйлеуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет