Көпшілік алдында «сөз сөйлеу» қажеттілігі жоқ ашық пікірталас жүргізу арқылы визуалды, кинестетикалық және тыңдау аспектілерін дамытудағы тиімді әдістердің бірі. Талқылауға арналған маңызды тақырыптың болғаны абзал.
Әр қатысушыға стикерлер, жүріп-тұруға арналған орын
қажет.
Бұл әдісті қолданудың әртүрлі жолдары бар. Айталық: қабырғаға немесе тақтаға пікірлер немесе сұрақтар жазылған бірнеше түрлі-түсті қағаз ілінеді,
болмаса оларды үстелдің үстіне қоюға болады. Студенттер оларды оқып, стикерлерге өз ойларын жазып қалдырады. Екінші жолы: 3-4 немес 4-5 адамнан тұратын топтар стикердегі сұрақтарға жауап береді не ол жөніндегі өз ойларымен бөлісіп, талқылап, стикерге өз ойларын жазады, кейін пікірлерін қорғайды. Бұл уақытты үнемдейді. Стикерде жазылған пікірлерді ортақ талқылауға да, түсінікті болса, өздеріне қортытынды жасауға қалдыруға да болады.
Достарыңызбен бөлісу: |