Қатысушылар 3 адамнан тұратын топқа жиналады: 2 ойыншы және судья. Оқытушы тақырыпты айтқан соң қатысушылар кезекпен берілген тақырыпқа қатысы бар сөздерді айта бастайды, біреулері тоқтағанға дейін жалғаса береді. Топтың үшінші қатысушысы сөздерді жазады және есеп жүргізеді.
Есеп: Теннистік ойындағы есеп-шот қолданылады (15 - 0, тең және т.б.)немесе әрбір қатысушы сөз таба алмаған кезде 1 балл беріледі.
Поdоs)зиция таңдау
Қандай да бір тұжырым оқылып, қатысушылар “иә” және “жоқ” деп жазылған плакаттарда өздерінің қай көзқарасты таңдағанын көрсетеді. Өз ұстанымдарын ауызша дәлелдеп береді.
АӘБВ
Студенттің әрқайсысына А, Ә, Б және В әріптерімен қоса төрт-төрттен үлестірленген карточкалардың жинағын дайындаңыз. Жауаптың төрт нұсқасы бар сұрақтар қойыңыз, студенттер дұрыс жауапқа сәйкес келетін карточкаларын көрсетуі керек. Олардан қалғандарының карточка-жауаптарына қарамауын өтініңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |