Рефлексияның бұл түрі экрандағы жазбалар негізінде орындалуы тиіс. Сондықтан да «Рефлексивті экран» деп аталады. Шеңбер бойымен экрандағы фразаларды негізге алып, өз пікірлерін айтулары керек. Мысалы:
бүгінгі сабақтан ұққаным... …
мен үшін жаңалық болғаны...
мен үшін түсінуге қиын болғаны ...
сәтті шыққаны...
жетілдіруді қажет ететіні...
Рефлексияның бұл түрін сабақ соңында пайдаланған тиімді. Себебі, тақырыпты студенттің қандай деңгейде меңгергенін байқап, оқытушы өз әрекетін де бағалай алады.
Бұл жерде «Бермуд үшбұрышы» сабақ бойы айтылған ойлардың із-түссіз жоқ болып, студент санасына сіңбегенін білдіреді. Ал қалған аралдарды атаулары анықтап тұр. Сонымен қатар, кейде бірнешеуін таңдаулары да ықтимал. Оған студент ерікті. Тек не үшін таңдағанын айтып бере алса болғаны.
Достарыңызбен бөлісу: |