Моdоs)ноdоs)фоdоs)н
«Монофон» термині «моно» - бір, «фон» - дыбыс деген екі сөзден тұрады. Монофон – барлық сөзі бір дыбыстан басталатын қысқаша әңгіме. Ол қатысым иесінің (сөйлеушінің) сөйлеу стилін қалыптастырып, сөздік қорын байытады. Білім алушылар бір дыбыстан басталатын әңгіме
құрастыра отырып, шығармашылық ізденіске ынталанады.
Мысалы: Қожаның қимылы қатты. Қабағы қатулы. Құрбысына да қалжыңдамайды. Қарны ашты. Қайтадан қақпаға қарады.
Пирамидаға негізделген тарих
Бұл әдісті әдебиет сабағында қолданған тиімді. Ол мынадай ретпен жүзеге асырылады.
☺ Оқиғаға қатысушы кейіпкер есімі (ол адам, жануар, өсімдік, т.б. болуы мүмкін)
☺ Кейіпкерді сипаттайтын 2 сөз
☺ Оқиға орнын көрсететін 3 сөз
☺ Негізгі мәселені білдіретін 4 сөз
☺ Бірінші оқиға туралы 5 сөз
☺ Екінші оқиға туралы 6 сөз
☺ Оқиға шешімі туралы 7 сөз Мысалы:
Қожа
Қияли, сотқар
Ауыл мектебінде оқиды Оның тәртібі - басты мәселе
Мұғалімнің сөмкесіне бақа салып қояды Сұлтан жайлауға барғанда баланы алдап кетеді
Істеген қылықтарына қатты өкініп, өзіне уәде береді.
Осылайша сыртқы пішіні пирамидаға ұқсас тарих құрастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |