Начало формы
Хат дегеніміз - біруге жазған хабарлама.
Ол жазу дағдысын дамытуға ықпал етіп, студенттің өзіндік талдау жасауын дамытады. Сабақта не өткені туралы өз-өзіне хат жазу тапсырылады, студент жазбаша түрде талдау жасайды. Сабақты тұтастай ой елегінен өткізеді. Кейде жеке тақырып бойынша
берілгенде өзінің нені ұғып, неге көбірек көңіл бөлу керектігін зерделейді. Берілген мәселе бойынша талдау жасайды.
Қазіргі таңда хат жазудың электронды түрі қосылған. Яғни электонды пошта немесе sms хабарламалар да жатады. Соған қоса әртүрлі медиа хаттар суреттер, видеолар да жіберуге болады.
Жалпы хаттың пайда болуы туралы қызықты деректер көп. Алғашында хат қолмен қағазға немесе басқа да заттарға (ағаш бөлікке, теріге) жазған хабарлама деп аталған. Әлемдегі ең үлкен хат пергаменттен жасалған. Оның ұзындығы 10 м, ені 7 метр. Бұл хатты XVI ғасырда персиялық шах түрік сұлтанының ұлы Сүлейменге (Сулейман великолепный) жазған. Қазіргі таңда хат Анкараның этнографиялық мұражайында сақтаулы.
Ең кішкентай хаттың өлшемі 23×36 мм. Бұл хат 1983 жылы Стокгольмнің пошталық мұражайына қойылған екен. Хат бүкіл талаптарға сай мөрленіп, маркасы қойылып, сәйкес тарифпен жазылған, ақшасы 1983
жылы төленген.
Гиннестің рекордтар кітабына сәйкес әлемдегі ең қымбат хат - Линкольннің құлдықты жою туралы хаты. Бұл хат 2008 жылы Нью-Йорк қаласындағы Сотбис аукционында 3,4 милион доллорға сатылған. Сатып алушы жеке америкалық коллекционер.
Әліпби
Бұл әдіс студенттің ойлау қызметінің дамуына ықпал етеді. Оны жүзеге асыру үшін технологиялық карта қажет. Картаны ватманнан (флипчарт) жасауға
болады. Ол үшін ватманның сол жақ бұрышына жоғарыдан төмен қарай маркермен әліпби жазылады. Сонымен қатар түрлі-түсті 2-4 маркер қажет.
Ең алдымен талданатын мәселемен оқытушы студенттерді таныстырады. Ол белгілі бір тақырып, түсінік, термин, анықтама болуы да мүмкін және кез келген пәнге де, әрт іс-шараларға да қолданыла береді. Мысалы, география сабағындағы «Қоршаған орта» тақырыбын алайық. Тақтаға немесе қабырғаға технологиялық карта ілінеді.
Бірінші кезекте студенттерге қарастырылып отырған тақырыптың мағынасын, мәнін ашу ұсынылады (біздің жағдайымызда «қоршаған орта»). Одан кейінгі қадамды студенттер жасауы тиіс. Олар кезекпен келіп, маркермен картаның әрбір жолына әліпбидің әрпіне сәйкес келетін, қарастырылып отырған тақырып мағынасын ашатын сөз жазуы тиіс. Әрбір студенттің бір немесе бірнеше сөз жазуына рұқсат етіледі. Сонымен қатар, орнына барып ойланғанан кейін қайта келіп, ойын жалғастырып жаза беруіне де болады. Жазған сөздерін дауыстап айтып отырады. Технологиялық картамен жұмыс оған барлық студент кем дегенде бір сөз жазып біткенде және әліпбидің барлық әрпі толтырылған кезде тоқтатылады.
Мысалы, «қоршаған орта» түсінігі бойынша технологиялық картаны былай толтыруға болады.
-
А
|
Атмосфера, антропогендік фактор, апат, атом
|
Ә
|
Әлем, әдемі
|
Б
|
Биосфера, биогеоценоз, ботаника, браконьер
|
В
|
Вулкан
|
Г
|
Гидросфера
|
Ғ
|
Ғаламдық
|
Д
|
Дағдарыс
|
Е
|
Еңбек
|
Ж
|
Жасыл, жануарлар, жыртқыш
|
З
|
Заманауи, зубр
|
И
|
Иерархия
|
К
|
Катастрофа, климат, көлік
|
Қ
|
Қызыл кітап
|
Л
|
Лезде
|
М
|
Мониторинг, маңызды
|
Н
|
Ноосфера, натуралист
|
О
|
Озон
|
Ө
|
Өзен, өмір, өзекті, өсу
|
П
|
Пайдалы
|
Р
|
Рельеф
|
С
|
Социум, саяхат, саясат
|
Т
|
Техносфера, температура
|
У
|
Улану, ушығу
|
Ф
|
Фактор, фауна,флора, форма
|
Х
|
Химия
|
Ц
|
Циркуляция
|
Ш
|
Шағын, шығыс
|
Э
|
Экология, энергия, эрозия, экожүйе, эволюция
|
Ю
|
ЮНЕСКО
|
Я
|
Ядро, ядролық жарылыс
|
Достарыңызбен бөлісу: |