«Метафора» айдарымен қызықты ойын өткізіледі. Оқу материалында табиғат құбылысы туралы айтылса, онда ауа райымен климаттың түрлі құбылыстарына қатысты түрлі метафораларды жазуға болады. Мысалы, жауын – аспанның нұры; боран – табиғаттың ашуы; найзағай –
аспандағы қылыш. т.б. Ал жыраулар туралы болса: жырау – заманының алдаспаны; толғау – уақыт айнасы, т.б. Сәтті шыққандарын флипчардқа жазып отырады. Біткенен кейін көрші отырған білім алушыға береді, ол сол метафора арқылы мәтін құрап, тақырыптың қай бөлігі туралы айтылғанын, не ой берілгенін анықтап, не себепті олай ойлайтынын дәлелдеп айтады.
Осылайша ойларын шыңдап, тіл байлықтарын молайтуға, тақырып бойынша білімдерін тексеруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |