Сімдіктер экологиясы



Pdf көрінісі
бет23/83
Дата27.11.2023
өлшемі1,9 Mb.
#130374
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   83
Байланысты:
ӨСІМДІКТЕР ЭКОЛОГИЯСЫ

қыс кезеңіне 
тӛзімділік
түсінігі бар. 


36 
Бақылау сҧрақтары 
1.
Кӛк-жасыл балдырлардың ӛмір сүре алатын ең жоғары 
температурасы қандай ? 
2.
Жоғары температура болғанда ӛсімдіктер үшін қауіпті 
(стресті) жағдайлар. 
3.
Ӛсімдіктердің жоғары (ыстық) температурадан қорғану 
нәтижесіндегі бейімделу ерекшеліктері. 
4.
П.А. Генкельдің пікірі бойынша, жоғары температурада 
цитоплазмада қандай ӛзгерістер болады? 
5.
Жер шарында ең суық нүктелер және онда ӛсетін ӛсім-
діктер. 
6.
Ӛсімдіктердің суыққа (аязға) тӛзімділігі және қыс кезеңі-
не тӛзімділігі. 
7.
Қатты суық әсерінен ӛсімдік клеткасында болатын ӛзге-
рістер және бейімделу жолдары. 
8.
Салқын температураға тӛзімділік және ондай қасиет 
қандай ӛсімдіктерде болады. 
9.
Қыс кезеңіне тӛзімділік түсінігі. 
10.
Ӛсімдіктердің шынығуының бірінші және екінші кезеңі. 
11.
Қысқы күндері қар қалың болып, ұзақ уақыт ерімей жат-
қанда ӛсімдіктерге қандай әсері болады. 
12.
Ӛсімдіктердің ыстыққа тӛзімділігі бойынша қандай түр-
лерге бӛлінеді. 


37 
2. 
Модуль СУ, ТОПЫРАҚ, АУА ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ 
ӚСІМДІК ТІРШІЛІГІНДЕГІ МАҢЫЗЫ 
 
6 – Тақырып.
 Су – әсерлі экологиялық фактор. 
Топырақтағы су (ылғал), оның тҥрлері. Осмостық 
қысымның экологиялық маңызы 
 
Тірі организмдерде биохимиялық процестер сулы ортада 
жүреді. Ӛйткені, ортамен зат алмасу процесінде су еріткіш және 
метаболит ретінде қатысады. Атап айтқанда, минералды қорек-
тік элементтерді тамыр жүйесі тек ерітінді күйінде сіңіреді, 
ӛсімдік жапырағында және жасыл мүшелерінде синтезделген ас-
симиляттар басқа мүшелерге ерітінді күйінде жылжиды. Соны-
мен бірге, су фотосинтез процесінде электрондар доноры болса, 
тыныс алуда тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатысады. Су 
кӛптеген заттардың ыдырау және синтезделу процестеріне 
қажет.
Ӛсімдік денесінің негізгі бӛлігі – су (35%-дан 95%-ға дейін). 
Мысалы, клетка цитоплазмасында су – 80-90% болады. Ӛсімдік 
мүшелерінде су мӛлшері әртүрлі: етті жемістерде – 80-95%, жа-
сыл жапырақтарда – 75-85%, тамырда – 75-90%, толық піскен 
дәнде – 10-14%. 
Ӛсімдік денесінде су оның тургорлық қысымын күшейтіп, 
денесінің тік орналасуына (тұруына) белгілі мӛлшерде әсер ете-
ді (әсіресе злак текті ӛсімдіктерде). Сондықтан, су ӛсімдіктің 
ӛсіп дамуына аса қажетті экологиялық фактор.
Құрылық ӛсімдіктері үшін жыл сайынғы келіп түскен жа-
уын-шашын мен булану мӛлшерінің ара қатынасының мәні зор. 
Егер бір территорияда буланудың жылдық мӛлшері келіп түскен 
жауын-шашын мӛлшерінен артық болса, бұл 
аридті
, қуаңшы-
лық кезеңі басым, құрғақ аймаққа жатады. Мұнда, ӛсу дәуірінің 
басым бӛлігінде ӛсімдіктер ылғал жеткіліксіз жағдайда ӛсіп да-
миды. 
Егер буланудың жылдық мӛлшері келіп түсетін жауын-ша-
шын мӛлшерінен кем немесе тең деңгейде болса, бұл 
гумидті
аймақ деп аталады. 


38 
Егер келіп түсетін ылғал ӛте аз, шӛл дала болса, ол жерлерді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет