51
топырақ (рН=7-8); ӛте сілтілі топырақ (рН=8-9). Кейбір ӛсімдік-
тердің топырақ ерітіндісінің белгілі рН мӛлшерінде ӛсетіндерін
–
индикаторлар
деп атайды. Осындай ӛсімдіктер арқылы топы-
рақтың қышқылдылығын, құнарлы немесе құнарсыз топырақ
түрлерін анықтауға болады.
Қышқыл топырақта ӛсетін ӛсімдіктерді –
ацедофилдер
,
сілтілі топырақта ӛсетіндерді –
базифил
(базофил), ал бейтарап
(рН=6-7) топырақтарда ӛсетіндерді –
нейтрофилдер
деп атайды.
Жасыл ӛсімдіктердің ӛсіп дамуына азоттың әсері орасан
зор. Бірақ ӛсімдіктер ауадағы инертті газ күйінде болатын азот-
ты (N
2
) пайдалана алмайды. Ӛсімдіктер топырақтағы аммоний
(NH
+
4
) және нитрат (NO
3
) тұздарын сіңіре алады. Бірақ, топырақ
ерітіндісінде нитраттардың мӛлшері ӛте аз. Осыған сәйкес, то-
пырақта азоттың кӛбірек болғанын қалайтын, талап ететін ӛсім-
діктерді –
нитрофилдер
, ал топырақта азот аз мӛлшерде бола-
тын жерлерде ӛсетін ӛсімдіктерді –
нитрофобтар
деп атайды.
Нитрофильді ӛсімдіктерге орман таңқурайы (Rubus idaeus), қы-
зыл аюбадам (Sambucus racemosa), құлмақ (Humulus lupulus),
адамзат мекеніндегі органикалық қалдықтар бар жерлерде ӛсе-
тіндер: сүйелшӛп (Chelidonium majus), меңдуана (Hyoscyamus
nider), қалақай (Urtica dioica), тәжігүл (Amaranthus retroflexus),
т.б.
Кальций (Са) топырақ құрылымын (структурасын) жақсар-
тады, ауыр металдар мен хлоридтердің зиянды әсерін залалсыз-
дандырады. Карбонатты топырақтарда Са-3% және одан жоғары
болса – оны кальцийге бай топырақтар деп атайды. Осындай
жағдайда ӛсетін ӛсімдіктерді –
Достарыңызбен бөлісу: