Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мақсаты
1 Сын тұрғысынан ойлау технологиясындағы сабақтың құрылымы
2 СТО стратегиялары
3 Әр бала жас кезінен еркін ойлауға, алдына қойған істі жоспарлап, оны соңына дейін жеткізуге, кедергілерге қарсы тұруға бейімделгені жөн.
Сондықтан да әр сабақта оқушылардың мәселеге сыни көзқарасын қалыптастырып, оларды ашық, еркін сөйлеуге баулу – әр ұстаздың міндеті. СТО сабақ процесінде ең басты тұлға ОҚУШЫ екенін көрсетеді. Сын тұрғысынан ойлау әдісін топпен жұмыс істеуді қолдана отырып, оқушылардың ойын, еркін сөйлеуін, тілін дамытып, бір - бірін тыңдай білуге, өзінің де басқаның да жауабын сын тұрғысынан баға бере отырып, құрмет көрсетуге бағыт береді.
.
Тек қана оқуда емес, өмірде де оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту;
.
Өздігінен дұрыс шешім қабылдай білуге;
.
Ақпараттармен жұмыс істей білетін шығармашыл тұлға қалыптастыру;
.
Құбылыстарды жан-жақты талдап саралай білетін сыншыл тұлға тәрбиелеу.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының негізгі міндеттері:
Сын тұрғысынан ойлау төрт қағиданы ұстанады:
Біріншіден, сын тұрғысынан ойлау өзіндік және жеке ойлау болып табылады. Ал сабақ сыни тұрғыдан ойлау принциптеріне негізделетін болса, әркім өз ойлары мен пікірлерін және бағалауларын басқалардан тәуелсіз құратын болады
Екіншіден, сын тұрғысынан оқыту жаттанды қағидаларды дәлелдеп айта беру емес, оқушы терең ойлау арқылы ескіге жаңаша көзқарас қалыптастыруы мүмкін, тың идеялар айта алады.
Үшіншіден, сын тұрғысынан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады. Өзінің жеке қызығушылықтарымен қажеттіліктеріне жауап беруге талпынады.
Төртіншіден, сыни тұрғыдан ойлау көңілге қонымды дәлелге ұмтылады. Саналы дәлелдер арқылы жаңалық ашуға бейім келеді.
Қызығушылығын ояту – Эвокация
Эвокация – қызу оқу жұмысымен шұғылдануға қызығушылықтың оянуы.
Мағынаны тану - Реализация.
Реализация – оқып жатқан тақырыптардың қажетін түсіну.
Ой толғаныс - Рефлексия.
Рефлексия – тұжырымға келу, қорытындылау, жаңа білімді бекіту.
СТО технологиясының сабақ кезеңдері
2. Сын тұрғысынан ойлау технологиясындағы сабақтың құрылымы
Сабақ құрылымы үш кезеңнен тұрғанымен, ондағы қолданылатын стратегиялар ауыса береді. Ал, кейбір стратегиялар кезеңге нақты арналған. Сол себептен, орынымен пайдаланған ұтымдырақ болады.
Сабақтың құрылымы:
1. Қызығушылықты ояту:
Бұл кезеңде оқушының тақырып туралы не білетіндігі анықталады, белсенділігі арттырады, оқушыларды сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындай отырып, қызығушылықтарын ояту стратегияларының бірін қолданып, қызықты сұрақтар қою арқылы оқушыларды жаңа сабаққа т арту.Бұл жерде дәстүрлі әдістердегі «Кім кезекші?», «Сабақта кім жоқ, неге жоқ?» т. б. деген сұрақтарды алмастырып, керісінше сабаққа жағымды ахуал туғызады.Бұл қызығушылықты ояту кезеңі -«жаңа білімге көпір салу». Бұл сәт «Бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз» деп дайын дүниені айтып беруден алыстатады. Орнына, білетін білімді еске түсіре отырып, жаңа білімге көпір салу болып табылады.
2. Мағынаны ашу:
Оқушы жаңа ақпаратты бұрынғы білімімен ұштастыра түседі.
Бұл кезеңді іске асыру үшін бірнеше тәсілдер бар. Олар: болжау кестесі, ойлан, жұптас, ортаға сал, сұрақ қоя білуді, өзара оқыту т. б. Осы әдіс - тәсілдерді қолдану кезеңді ең тамаша кезеңге, яғни оқушының өздігінен білім алу, өзін - өзі өзектілендіру, танымдық қабілеттерінің даму, шығармашылық іс - әрекетінің ояну, бір сөзбен айтқанда, өзіндік еңбек ету кезеңіне айналдырады.
3. Ой толғаныс:
Оқуды қорытындылау.
Оқушылар өз ойлары мен байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта біліп, өзара алмасады. Оқушы алған білімін пайдалана отырып шешім қабылдайды, топпен бөлініп берілген тапсырмалары болса, өздері дәлелдейді, көрсетеді, бағалайды немесе «Эссе жазу, бес жол өлең», т. б. стратегияларды қолданып тәсілдерін қолданып қорытындылайды.