2-жол - екі сөз, тақырып мазмұнына байланысты (сын есім);
3-жол - үш сөз тақырып бойынша іс-әрекет (етістік);
4-жол - тақырыптағы сөзден тұрады;
5-жол - тақырыптың болмысын білдіретін синоним сөз.
«Кубизм» стратегиясы
Кубизм өтілетін тақырыптың түрлі қырынан қарастыруға көмегін тигізеді. «Кубизм» стратегиясында ойлау, оқу, жазу, әрекеттері қатар жүреді. Шаршының көлемі 15-20 см. Шаршының әр бетінің аты болады. Олар:
1-бетінде - суреттеңіз: түсі, формасы, көлемі.
2-бетінде -салыстырыңыз: Неге ұқсас?, айырмашылықтары болса неде?
3-бетінде - зертте: Қандай?, Қалай?, Неден жасалынған? Шығу тегі, тарихы.
4-беті - пайда болған ойлар: ойыңызбен байланыстырыңыз, ойыңызға нені келтіреді?
Осы мәселеге байланысты қандай мәселелер бар?
5-бетінде -қолданыңыз: Онымен не істеуге болады? Қалай қолдану керек?
6-бетінде -талқылаңыз, не қарсы шығыңыз, өз ойыңызда тұрыңыз, дәлелдеңіз.
Кубиктің 6-бетіне жазбаша жауап беріледі. Әр оқушы кубиктің 3-бетін таңдап жұбына жауабын оқиды. Бір жұп оқиды, келесі жұп оған сұрақ қояды не оны мадақтайды.