Синхронды оқыту Жауабы



бет30/37
Дата12.05.2023
өлшемі129,63 Kb.
#92739
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   37
Байланысты:
Цифровой барлық Жауабтары

44-сұрақ. еGov порталынан қашықтан ЭЦҚ алу жолдары

еGov порталынан қашықтан ЭЦҚ алу үшін:


  • жеке куәлік немесе ҚР азаматының паспорты болуы тиіс (ҚР берілген суретімен жеке куәлік құжаты);


  • Ұялы телефон;


  • веб-камерасы бар компьютер.




  • NCALayer бағдарламасы


ЭЦҚ алу үшін порталға кіреміз. Порталдан «Қашықтықтан ЭЦҚ» алу командасын тaңдаймыз. Ашылған терезеден «Қашықтықтан тапсырыс беру» командасын таңдаймыз. Камераға рұқсат беру/бұғаттау" батырмасы шығады. Камераны пaйдалуға рұқсат батырмасын басамыз. Ары қарай ЭЦҚ алу 4 қадамнан тұрады.

1-қадам: Келесіде «кімге ЭЦҚ алу керек» деген сұраққа «Жеке тұлға» дегенді таңдаймыз. Aшылған терезеге ЖСН енгізу керек. Одан кейін Digital ID порталына өтеді. ЭЦҚ алуға өтінім берген азаматтың телефон нөмірі мобильдік азаматтар базасында тіркелмеген жағдайда, ақпараттық жүйе азаматты ХҚКО операторымен байланыстырады. Оператор қосымша бірнеше сұрақ (құжат деректері, тіркелген мекенжайы және т.б.) қоя отырып, бейнебайланыс арқылы сәйкестендіреді.

2-қадам. 2 және 3-қадамға келгенде ЖСН мен SMS-кодты қайта енгізу керек.

Әрі қарай жүйе компьютерде NCLAyer бағдарламасы бар немесе жоқ екенін тексереді. Кейін жүйе қашықтан сәйкестендіру үшін телефон нөміріңізді жазуды сұрайды. Сол нөмірге SМS-код келеді. Құпия сөзді енгіземіз.

Келесі терезеде бет әлпетті сақтау үшін бейне сәйкестендіруден өту керек. Oл жерге беттің контурын суретке түсіріп, сіз екеніңізді анықтайды.

3-қадам. Келесі бетте өзіңіз енгізген мәліметтер шығады. Поштаңыздың дұрыс көрсетілгенін тексеру керек. Енді ЭЦҚ компьютердің қай жеріне сақтайтыныңызды таңдап, сол файлды ашу керек. Кейін "Өтініш беру" деген батырманы басып «бетті жаңарту» орындаймыз.

4-қадам. еGov-қа ЭЦҚ-мен кіру үшін пароль құрастыру керек. Одан соң сертификатты жүктеп, еGov сайтынан қажет құжаттарыңызды алуға болады. Өзіңіз туралы мәліметті "Жеке кабинетке" кіріп, толықтыруға болады.

Бұл – жеке азаматтарға арналған электрон цифрлы қолтаңбаны алу үлгісі. Aл заңды тұлғалар ЖСН орнына бизнесті сәйкестендіру нөмірін немесе ЭЦҚ алатын қызметкердің ЖСН нөмірін енгізеді. Қалған әрекеттер екі санатта да бірдей.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет