21
жоғарыда көз жеткіздік. Шындығында,
Аристотель қағидасының мәні әлде
қайда кең болса: «өнер де табиғат
жолын ұстанады, табиғат жасағанды
өнер де жасайды, яғни, табиғат тәрізді
формалар жасайды» дегенді білдіреді.
Бұл табиғат жасағанды қайталау емес,
енді шығармашылықтықтың жаңа
стратегияларын іске асыруға бет
алыстарды елестетін сияқты. Бұл мәнді.
Онымен қатар, өнер Аристотельде
«техно» ars атты ұғымға ие. Ол «жасанды
форма беруді қамтитынға» қол өнері
де кіреді деген. Сонымен, суретшінің
көру шындығын бейнелеуге ұмытылысы
оның әрдайым ізденіс идеалы болып
келгені ақиқат. Ал, енді көру шындығы
құнды ма әлде көркем ойланды
қымбат па? Өнерде көркейтудің қандай
басқа тәсілдері бар? Аристотельде
өнер мимесиспен, қайталаумен
байланыстырылды және ол санаған
өнердің мәні сол ерекше қайталаудың
тарихи суреттемеден айырмашылығы,
өнер жалпылық туралы маңызды
болатын заттар туралы айтатындығында.
Өнер туындысынан жасалған нақтылық –
«елес» ретінде адамды нақты
эмоцияларды сезуге, бірақ «сахнаға
жүгірмеуге», болып жатқан нәрсеге
ара-қашықтық сақтауға тәуелді етеді.
Осындай алшақтату және жинақтау
амалы мүмкіндіктің ерекше дәрежесінде,
болып жатқан «шынайы еместе» болады.
Бұл өнердегі миместің сипаттамасы [30,
82 б.].
Көру ақиқаты бейнелеу өнері үшін
мағынасыз болуы мүмкін емес. Ол
міндетті түрде адамның сыртқы және
ішкі әлемімен үйлесе, адам болмысының
қандай да бір шынайы нұсқасын
көрсетуі тиіс. Тура солай белгілі бір
философиялық және эстетикалық
талғам-талаптарымен әрбір дәуір, әрбір
шығармашылық иесі өзінің уақытына
сай адамын бейнелеп, оның мәніне
деген мінездемесін өзгертті. Күрделі
қоғам мүдделері рухани өмірге тереңдей
ене, жеке тұлғаға деген қызығушылық
классикадан мұра болып қалған тұрақты
«пластикалық» және «жалпы идеалды»
көзқарастарды жеткіліксіз деп табады.
Тарихи реалистік бейнелеу өнерінде
адам мәні туралы тұрақты түсінік
нақтылана, әлеуметтік мінездеме мен
жеке тұлғаның ерекшеліктерін бойына
сіңіреді. Адам келбетінде оның түр-
тұрпатының дұрыстығы ғана емес, оның
психологиялық айқындығына мән беріле,
адамның келбеттілігі – оның ішкі жан
дүниесі сұлулығының көрінісі арқылы
көрсетіледі. Сұлулықтың өзгермелі
ұғымдары орнына көркем бейнелеудің
жаңа түрлерін әкелді [30, 83 б.].
Достарыңызбен бөлісу: