Тапсырма 1. Сыни сұрақтар стратегиясы бойынша келесі кестені толтыру:
р/№
Негізгі мәселелер
Бұл мәселелер бойынша мен
Не білемін (бұрын естідім)
Нені білмеймін (естіген
жоқпын)
1
Педагогикалық жобалау
ұғымы
«Жобалау» сөзі қазақтың «жоба» деген сөзінен жасалынған, мағынасы – жаңа нəрсенің жобасын, сұлбасын жасау. Ғылымда ол тек қана жаңа нəрсенің жобасын жасау ғана емес, сонымен қатар оны негіздеу, басқадан айырмашылығын көрсетуді білдіреді. Бұл термин алғашында құрылыс, техника саласында қолданылды. Өткен ғасырдың орта шенінен бастап гуманитарлық ғылымдарда да қолданыс таба бастады.
Кеңестік энциклопедиялық сөздікте «жобалау» ұғымы: «1) құрылыстың, механизмнің немесе құрылғының жоспарын жасау; 2) белгілі бір құжаттың алдын ала мəтінін жасау» деп түсіндіріледі [1]. Жоғарыда атап кеткеніміздей, алғашында техникалық, құрылыс салаларында термин ретінде енгізілгендіктен, бұл ұғымның мəні сол сала əдебиеттерінде неғұрлым кең берілген. Мысалы, Л.Арчердің анықтамасы бойынша, жобалау — «белгілі бір міндетті шешу» [2], ал Г.Надлер бойынша,«бұрынғы белгілі үлгілерге қарағанда неғұрлым жетілдірілген идеал үлгі жасау» [3] болып табылады. И.В. Котляровтың айтуынша, жобаны іске асырудың нəтижелі болуы оны жобалау кезеңдерінен тəуелді. Кез келген саладағы жобалау мынадай кезеңдерден тұрады: мақсатты анықтау, ғылыми зерттеулер, міндеттерді қою, идеяларды іздеу, тұжырымдама жасау, талдау, эксперимент, шешімдер т.б. [4].
Гуманитарлық ғылымдардағы «жобалаудың» ерекшелігі – оның əлеуметтік құрамдас бөлігінің болуы. Бір сөзбен айтқанда, əлеуметтік жобалауда адамның тұлғалық ерекшеліктері, оның қоршаған ортамен, басқа адамдармен қатынасы есепке алынуы тиіс. Ж.Т. Тощенко т.б. еңбектерінде «жобалау» тек қана жасалуы тиіс нəрсенің күйін болжауды емес, сонымен бірге əлеуметтік-педагогикалық заңдылықтарды зерттеуге бағытталған, өзара əрекеттесуге қабілеттілікті мақсатты түрде дамытатын іс-əрекет түрі ретінде қарастырылады [5].
Кейінгі уақытта педагогикалық жобалаудың, оны педагогикалық қауымдастықтың меңгеруінің жəне ғылыми негізде практикада тиімді қолданылуының динамикалық бірлігі ретінде инновациялық процестер мəселесі педагогика теориясының өзекті мəселесіне айналды. Себебі бүгінгі күні білім беру жүйесінің дамуы инновациялық процестер жəне оларды жобалау арқылы жүзеге асуда.
Педагогикалық жобалау көптеген ғалымдардың зерттеулерінде əр қырынан көрсетілді (В.С. Безрукова, Н.В. Борисова, А.Н. Дахин, В.В. Краевский, В.А. Болотов, Е.И. Исаев, В.И. Слободчиков, Н.А. Шайденко, Т.К. Смыковская, Е.А. Крюкова жəне басқалар). Аталған авторлардың еңбектері мен басқа да педагогикалық-психологиялық зерттеулерді талдау олардың көпшілігінде «жобалау» түсінігінің «жоспарлау», «болжау», «құру» түсініктерімен байланыстырылатыны байқалды.
Мəселен, В.С. Безрукова педагогикалық жобалауды «оқушылар мен мұғалімдердің алда тұрған іс-əрекетінің негізгі детальдарын алдын ала жасау» ретінде қарастырады. Бұл анықтама мұғалімнің педагогикалық процесті жоспарлауының жалпы алгоритмін көрсетеді. В.В. Краевскийдің айтуынша, «педагогикалық жобалау əлеуметтік мақсат қоюдың өзіндік формасы болып табылады» . Дегенмен, бұл анықтама бойынша, «жобалау» жəне «жоспарлау» іс-əрекеттері бір-бірімен сəйкестендіріледі, ал олардың əрқайсысының өзінің жеке мағынасы бар іс-əрекет екендігі көрсетілмейді. Себебі педагогикалық жобалау – тек мұғалімнің сабақты жоспарлауы ғана емес, ең алдымен оқу-тəрбие процесінің логикалық құрылымын жасау.
Ғылыми əдебиетте «жобалау» ұғымына бірқатар өзіндік анықтамалар берілген. Мəселен, В.А.Болотов, Е.И.Исаев, В.И.Слободчиков, Н.А.Шайденко педагогикалық жобалауды «педагогтар, оқушылар қауымдастығының жаңа формаларын, білім берудің жаңа мазмұны мен технологияларын, педагогикалық іс-əрекет пен ойлаудың жаңа əдістері мен технологияларын жасау» контексінде анықтайды .
Н.В. Борисова жобалаудың білім беру жобаларын жасауға жəне іске асыруға бағытталған іс- əрекет екендігін көрсетеді .
А.Н.Дахин болса, жобалауды «қандай да бір жүйені, объектіні немесе модельді құру (жасау,жоспарлау, құрастыру) жөніндегі іс-əрекет» деп біледі .
Т.К.Смыковская «педагогикалық жобалау – жүйелердің қызмет етуінің, дамуының, жетілдірудің міндеттерін шешуге бағытталған педагогиканың жəне ұйымдастырылатын практикалық іс-əрекеттің қолданбалы бағыты» деп есептейді. Бұл анықтамада жобалаудың міндеттерінің əрқилылығы бірден көзге түседі.
Е.А.Крюкованың айтуынша, педагогикалық жобалау дегеніміз – білімдер жиынтығы ретінде қарастырылатын, нақты педагогикалық объектіні, құбылысты немесе процесті көрсететін белгілі бір педагогикалық жүйені іске асырудың шарттарын анықтау жөніндегі іс-əрекет болып табылады .
Ендігі кезекте «педагогикалық жобалау қандай принциптерге сүйенеді?» деген сұраққа жауап беру керек. Бұл жерде Н.Г.Алексеева, Е.А.Крюкова жəне Т.К.Смыковскаялардың пікірлерін негізге алуға болады. Олардың айтуынша, педагогикалық жобалау принциптері: ғылыми ұсыныстарға сүйену; жаңа жүйенің жобасы идеяларының көздерінің толықтығы; жобалау идеяларының еркін генерациясы (жобалаудың шығармашылық сипатын қамтамасыз етуге бағыттайды); жобалаудың бірлігі мен сабақтастығы.
Г.П.Щедровицкий педагогикалық жобалауды көптеген «практикалық іс-əрекеттер» актілерінен тұратын, кейін талдау объектісіне айналатын іс-əрекет ретінде анықтай отырып, келесі принциптерді бөліп көрсетеді: қосымшалығы (жүйені жетілдіруге мүмкіндік беретін қосымша шарттарды енгізу жəне жүйенің дамуына кедергі келтіретін жағдайларды шығару мүмкіндігі); іс-əрекет пен қарым- қатынастар бірлігі (кез келген емес, тек тұлғаның жетілуіне мүмкіндік беретін іс-əрекеттерді меңгеру) [13].
Ендігі кезекте инновациялық процесті жобалау іс-əрекетінің логикасына тоқталу керек. Себебі педагогикалық жобалаудың нəтижесі белгілі бір деңгейдегі инновация болып табылады.
Жобалау жаңашылдықтың эволюциясының жəне жаңа енгізуді іске асырудың картасы болып табылады. Оның да өз шекаралары бар. Бірақ оларды нақты белгілеу мүмкін емес, дегенмен əр нақты жоба үшін олар жеке анықталады.
Жобалауды қарастырылып отырған жүйенің бір жағдайдан екіншісіне көшуін жоспарлау, яғни өзгеруі процесі ретінде қарастырсақ, онда бұл процестің ерекшеліктері мен заңдылықтарын, принциптерін анықтау қажеттігі туады. Бұл жаңалықтарды енгізуде үнемі туындайтын проблемалардың көзін ашуға мүмкіндік береді.
Қазіргі жағдайда педагогикалық жобалаудың қарқынды дамуы оны қолдану мүмкіндіктеріне көзқарасты түбірімен өзгертуді талап етеді, себебі жобалау мəселесі ғылыми тұрғыда негізделмесе, оның нəтижесі айта қаларлықтай болмайды.
2
Педагогикалық
технологиялар
классификациясы
Қазіргі кезде бүкіл əлемде жүргізіліп жатқан ізгілендіру үрдістері қоғамның білім беру мекемелеріне қойлатын жаңа талаптарды анықтауда. Техникалық прогресс пен ғылыми ақпарат көлемінің ұлғая түсуі, мектептегі білім беру мазмұнын қайта құру жəне оқу-тəрбие орындарының іс-əрекет қағидаларын қайта қарау – мұның бəрі мұғалімнің кəсіби біліктілігі мен тұлғасына, бүкіл педагогикалық үрдістің тұлғалық бағдарлануына қойлатын талаптардың сөзсіз арта түсуіне алып келеді. Бүгінгі таңда мектептің оқу үрдісін жетілдіру үшін жаңа педагогикалық технологияларын пайдаланудың тиімділігін практиканың өзі дəлелдеп отыр.
Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту шеңберінде білім берудің мақсаты мен мəнінің өзгеруі «педагогикалық технология» деп аталатын жаңа ұғымның пайда болуына ықпал етті. Бұл ұғымның мəнін білім беру үдерісінде өзгеше дамытатын жүйе деп түсінуге болады, онда білім алушылардың іс-əрекеті жетекші фактор болып табылып, оқыту мұғалім мен білім алушының субъектаралық өзара əрекетін қарастыратын жəне олардың мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін рефлексиялық басқару ретінде көрінеді.
Педагогикалық технология — оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру формасымен анықталады.
Педагогикалық технологияның өзіндік ерекшеліктері — қойылған мақсатқа жету мүмкіндігіне кепілдік беретін оқыту үрдісін құрастыру және оны жүзеге асыру. Оқытылатын пән мазмұны, мұғалім мен оқушының өзара байланыс іс-әрекеті, оқушының ішкі даму үрдісі негізінде анықталған нақты мақсат қана педагогикалық технология құрылымын түсіну кілті бола алады.
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім берудің жүйелі реформалану қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие. Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың және бір маңызды сипаты қазіргі уақыттағы оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттілігінен туып отыр.
Осыған орай, соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары жасальнып, мектеп өміріне енгізілуде. Олар: С.Н.Лысенкова алдына ала оқьггу, Шаталовтың интенсивті оқыту (тірек сигналдарын пайдалану арқылы), Эрдниевтің ірі блоктан оқыту, мәселелік оқытудың белсенді әдісі, т.б.
Ал соңғы жылдары оқытудың модульдік технологиясымен В.М. Монаховтың, Дьяченконың оқытудың ұжымдық тәсілі сондай-ақ, профессор Ж.Қараевтың окытуды дербестендіру мен ізгілендіру ұстанымдарына негізделген жаңа педагогикалық компьютерлік технологиясын еліміздің көптеген мемлекеттерінде қолданып жүр.
Мектептерде жүргізіліп жатқан қазіргі тәжірибелік-сынақ жұмыстардың басты міндеті жаңаша оқытудың педагогикалық технологиясын оқыту үрдісіне енгізу болъп табылады.
Мәселен, Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдовтың бірлесе жасаған «Дамыта оқыту жүйесі» бір-бірімен тығыз байланысты мынадай ұстанымдардан құралады:
Жоғары деңгейдегі қиындықта оқыту.
Теориялық білімнің жетекші рөлі.
Оқу материалын жеделдете оқыту.
Оқу үрдісін оқушының сезінуі.
Барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу
Л.В.Занковтың оқыту жүйесінде оқушы өзін емін-еркін сезінеді, оның әлеуметтік мүмкіндігі мен дербестігінің дамуына жағдай жасалады. Осы жүйеде оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-қатынастың іргесі қаланады.
Мұғалім түсіндіруші, оқыту тұрғысында емес, оқушының оқу әрекетін ұйымдастырушы, бағыттаушы ретінде көрінеді.
3
Жоғары мектеп
математикасын жобалап
оқыту
Жобалап оқыту технологиясының негізі – оқушылардың оқу – танымдық іскерлігінің практикалық және теориялық қиындықтарды шешу жолына бағытталған.Алғашқы көрсеткішті көруге,қабылдауға,шынайы өмір тәжірибесінде қолдануға болады.Кейінгі көрсеткішті оқушылардың баға жетпес құндылығы,тәжірибе іскерлігін өз білімімен байланыстырады.Жобалап оқыту технологиясымен жұмыс істеу-мұғалімнің іс-әрекетіне жоғары деңгейдегі қиындықты шешуге ерекше талап қояды:
-Әлеуметтік міндеттердің болуы (зерттеу, ақпараттық, практикалық);
-Жобалаудың орындалуы – қиындықты шешуге бағытталған іс – әрекетті жоспарлаудан басталады , көп жағдайда заттың түрін және презентация формасын анықтау , ақпаратты жинастыру;
-Жобамен жұмыс істеу нәтижесі – жобаны іске асыру , дайын жұмыс.Жобаға қатысушылардың негізгі міндеті – зерттелетін тақырыпты таңдау,математиканы оқытуда жобалау іс – әрекетінің көрсетілу түрлері:
Баяндама;
- Слайд – презентация;
- Ғылыми баяндама;
-Көрме
-Макет;
-Сабақ үлгілері
-Ғылыми конференция.