«Бірлігі жарасқан – Қазақстан»
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі
Мақсаты:
1 мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін оқушыларға жеткізу; Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Ресурстар:
Слайд, суреттер, бейнероликтер
Кіріспе
Негізгі бөлім
Оқушылар, біз қай елде тұрамыз?
Қазақстан қандай мемлекет?
Мемлекеттік рәміздерге нелер жатады?
(Оқушылардың жауаптарын тыңдау)
Бейнебаян: 1 мамыр – бірлік күні
https://youtu.be/2H4Ua30A9D8
www.zharar.com-brigmz-zharaskan-0zh-07
1996 жылдан бастап Қазақстан халқы 1 мамыр ынтымақпен бірлік күнін тойлап келеді. Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері мекен етеді. Олар бір шаңырақ астында тату тәтті өмір сүріп келеді. Әр ұлт өкілдері өздерінің тілі, дәстүрі, мәдениеті, ұлттық киімі, ұлттық тағамдарымен ерекшеленеді
.
Әдеби монтаж (оқушылардың бірлік, достық туралы тақпақтары тыңдалады) Көгершін – бейбітшілік құсы
Көп ұлтты болуымыз – біздің байлығымыз, мақтанышымыз. Бір шаңырақ астындағы халқымыздың ынтымақтастығы мен өзара ауызбіршілігіміз нығая түсіп, елімізде ұлтаралық татулық әрдайым берік болып достық, бірлік мәңгі жасай берсін!