Сыныбы:5
Барлығы:72 сағат,аптасына 2 сағат
Пән мұғалімі:
Түсінік хат
«Қазақ әдебиеті» (5-сынып, оқыту қазақ тілінде)
Стандарт: Қазақстан Республикасы Оқу- ағарту министрлігінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
Үлгілік оқу жоспары: Республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесі ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу жоспарлары арқылы (өзгерістер мен толықтырулар өзгерістер мен толықтырулар 2022 жылғы 26 қаңтардағы № 25 бұйрықпен бекітілген) жүзеге асырылады.
Типтік оқу бағдарламасы:
ҚР БҒМ 2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрығымен (өзгерістер мен толықтырулар ҚР БҒМ 2019 жы 26 шілдедегі №334 бұйрығымен бекітілген) бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің «Қазақ әдебиеті» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасымен жүзеге асырылады.
Әдістемелік нұсқау хат: 2022-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хаты.
. «Қазақ әдебиеті» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
5-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 72 сағат;
5-сыныпқа арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінің базалық білім мазмұны:
1) түсіну және жауап беру:
әдеби шығарманың фабуласы мен сюжеттік дамуы, кейіпкерлер портреті мен образы, шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту, әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясы;
2) анализ және интерпретация:
салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу, шығармадағы тілдік бейнелеу: теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы, эпикалық шығармадағы автор бейнесі, көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазу;
3) бағалау және салыстыру:
шығарманың тарихи құндылығын бағалау, кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау, әдеби эссе, сыни хабарлама жазу.