Синий Органические Фигуры Мастер-Класс по Лидерству Вебинар Keynote Презентация



Pdf көрінісі
Дата09.12.2022
өлшемі1,15 Mb.
#56055
Байланысты:
Синий Органические Фигуры Мастер-Класс по Лидерству Вебинар Keynote Презентация 2



ҚАЗАҚ
ОРФОГРАФИЯСЫНЫҢ
ЕМЛЕ ЕРЕЖЕЛЕРІ 
КЯЛ 20-3
К
өмекова Айкөркем
Сулейменова Меруерт
Кошкарбаева Г
үлдана


Қ.Жұбановтың әліпби,
емле туралы тұжырымдамалары
Қазақ жазуының қалыптасу, даму жолдарының көшбасында
тілдің жаңа жүйесінің бағыт-бағдарын айқындайтын екі мектеп
тұрды. Оның бірі А.Байтұрсынұлы, Е.Омаров, Т.Шонанұлы,
Қ.Кемеңгерұлы, Ж.Аймауытұлы, Х.Досмұхамбетұлы ұстанымдары үйлескен
сингармониялық жазу мектебі болса,
екіншісі Қ.Жұбанов бастаған қазақ жазуы дамуының жаңа
кезеңі өкілдерінің (С.Аманжолов, М.Балақаев, Ғ.Мұсабаев)
қалыптандыру мектебі болды.
Қазіргі қазақ графикасы мен әліпбиіндегі әріп-дыбыс
қатынасы, емле принциптері, кірме сөздердің орфография-сы,
кірме сөздерге қосымша жалғану қағидалары алдыңғы
мектептен өзгеше бағыт алды десек, ол негізінен Қ.Жұбанов
көзқарастарының өміршеңдігі мен ұсынған пікірлерінің қолдау
тауып кеткеніне байланысты.


Сондықтан қазіргі қазақ жазуы
ту-ралы сөз ету үшін Қ.Жұбановтың әліпби, фонема,
орфография туралы ойларына тоқталған жөн.
Фонема туралы. Ғалымның ауыздан шыққан дыбыстың
саны жоқ, олардың ішінде тек мағынаға ие болатындары ғана
фонетика объектісі дегенін автордың жалпы тіл біліміндегі фонема
ұғымынан хабардарлығы немесе фонема ұғымын
өздігінен пайымдап отырғаны деп білеміз. Мысалы: “Баба
дегендегі <б> екі басқа, бір емес. Сондықтан бұл екеуінің
физиологиясы да басқа. Біз көп <б>-ның бәрін де бір әріппен
таңбалап, орта есеп-ке келтіріп, бәрінің басын қосып, бір
белгісін ғана алғанбыз” дейді ғалым.


Емле принципі туралы. Қ.Жұбанов біздің орфогра-фия
Т.Шонанұлы айтқан мағынадағыдай фонетикалық при-нципке
құрылуы керек. Бізде морфологиялық принцип пен фонетикалық
принцип арасында флективті тілдердегідей үлкен айырмашылық
болмау керек, бір түбірдің бірнеше формасы болуы мүмкін емес,
сондықтан қазақ орфографиясында түбір морфологиялық,
қосымша фонетикалық принциппен жазылсын деген. Ғалым
Е.Омаровтың кейінгі қазақ емлесі үшін ұсынған қосымшалардың
ортақ формасын жазып, түркі халықтарының жазуларын
унификациялап аламыз деген пікіріне абайлап қарау керек дейді,


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет