«Субмәдениет» терминін 1950 жылы
американдық социолог Дэвид Райзман
ғылымға енгізген екен. Субмәдениеттің
негізгі тірегі-жастар. Сол жастар арқылы
жаман мәдениет жасап, былайша айтқанда
«алдыңғы қатарлы озық» мәдениет
арқылы қоғамға ықпал ету. Яғни,
бастапқыда аталған сөздер
субмәдениеттің түрлері болып есептеледі.
Қ
азақстандағы ресми емес қозғалыстарға белгілі бір
стильдер мен бағыттардың араласып келуі тән. Қоғамдағы
біркелкіліктің болмағандығына байланысты мәдени мұ-
ралар элементтерінің де соншалықты санқырлылығы
байқала түседі. Соңғы жылдары музыкалық субмәдениет
(поп, рок, рэп), гедонистік субмәдениет (байкерлер,
рейверлер және т.б.), спорттық субмәдениет
(паркуршілер, сноубордшылар, скейтбордшылар), діни
топтар (секталар) және жаңа технологияның дамуына
байланысты (хакерлер, геймерлер) субмәдениет
бірлестіктері айрықша даму үстінде. Готика, эмо, скинхэд,
анимэ табынушылары секілді спецификалық суб-
мәдениеттің түрлері бізде бар болғанымен басқа да
шетелдермен салыстырғанда өте сирек кездеседі. Ресми
емес бірлестіктер негізінен оқушылар, студенттер
арасында психологиялық қалыптасу кезеңі мен әсіресе
ата-ана тарапынан болатын олқылықтардың қатарласуы
салдарынан орын алады.
Қазақстандағы субмәдениет
жастардың батыс мәдениетiне
елiктеуiнен, әр түрлi сән
үлгiлерiне, әуендерiне
қызығушылығынан туған.
Елiмiзде, әсiресе, өрiмдей
жастардың арасында рэппер
мәдениетi кең етек жайған.
Дегенмен, мұндай әуендi
тыңдағанда “жастарға рэп
несiмен қызықты екен?” деген
сұрақ туады. Сонымен бiрге бұл
мәдениеттiң астарында ұлттық
мәдениеттен ада, халықтық салт-
дәстүрден мақұрым, ұлттық
музыка өнерiнен хабарсыз жас
ұрпақтың тағдыры жатқандай.
Кейінгі жылдары Қазақстан жастарының арасында да белең алған «эмошылар». Эмо «эмоционалды» деген
терминнен алынған. Эмоционалды музыка тыңдағанды ұнататын топ. Қазіргі күнде музыканың бұл түрі:
эмокор, эмо-рок, кибер-эмо, панк-эмо, эмо-вайоленс, скримо, френч-эмокор хардкор-сан-диего және т.б.
болып бөлінеді. Эмошы жастар тек эмоционалды музыка тыңдауға ғана әуес емес. Олар өмірдегі барлық
оқиғаларға эмоционалды тұрғыда қарайды. Сонымен қатар, эмошылар қайғылы өлең оқығанды қнатады.
Олардың киім үлгілері қара түс пен күлгін түстің үйлесімділігінен тұрады . Еліміздің де қала көшелерінен
жоғары мектеп оқушылары, студенттері арасында күлгін-қара түсті киінген, көздерін қою қараға бояп алған
қыз балаларды да кездестіріп қаламыз. Міне мұндай топтар біздің елдегі «эмошылар»
АҚШ зерттеушілерінің пайымдауынша, «субмәдениет»
ұғымы адамдардың әсіресе жастардың белгілі бір
салаға еліктеушілігінің (фанатизм), табынушылығының
немесе күйзеліске түскенде ермек қылған хоббиінің
салдарынан пайда болған. Мұндай бейресми топтан
тұратын субмәдениеттердің өкілдері өздерін «ерекше
адамдармыз» деп қоғамнан оқшаулағанды қалайды.
Олардың өмірдегі ұстанымдары, киім үлгілері,
түсініктері, араласатын ортасы қарапайым қала
тұрғындарынан әлдеқайда өзгеше болады.
Субмәдениеттің пайда болу тарихы сонау 1950
жылдардан бастау алады. Алғашында жастар
арасындағы жаңа киім үлгілерінің, жаңа би түрлерінің,
«стиль» деген ұғымның пайда болуынан басталды.
Батысқа еліктеушіліктің алғашқы қадамдары – Батыс музыкасына:
джаз, рокен-ролл жанрларына деген қызығушылықтардан көрініс
тапты. Екінші толқын, 60-80 жылдар аралығы. Бұл кезең, жастардың
батысқа руһани қызығушылығының пайда болуы, классикалық үлгідегі
музыкаға еліктеу, фанат болу, «интернационалдық» түсінігіне деген
қызығушылықтың артуынан басталды. Бұл кезең Батыстың рухани
құндылықтарға әсер ету кезеңі болды. Есірткі, алкогольді ішімдік,
марихуаннаға деген қызығушылық белең алды. Ал 1970-1986
жылдары кеңестік қоғам нағыз еліктеу кезеңіне бет бұрды.
«Металлистер», «хиппилер», «эмошылар» және т.б. қоғамдық топтар
пайда болды. Дүниежүзілік субмәдениетке жататын ерекше топтардың
қысқаша тарихына тоқталсақ.
ХХ ғ. 30-жылдары Америка Құрама Штаттарында пайда болған топ –
байкерлер болды. Олар мотоциклмен жүретін топтар. Олар өздерін
«Түн періштелері», «Түнгі қасқырлар» деген лақап аттармен атайды.
Киім үлгілері роккерлер стиліне өте ұқсас. Түнгі клубтарды шарлап,
кең трассаларда мотоциклмен жүргеннен рақаттанады. Денелерінде
татумен жазылған түрлі бейнелер болады.
ХХ ғ. 60-жылдары Сан-Францискода құрылған хиппи
субмәдениеті – жастар арасында пайда болған
субмәдениеттердің ең алғашқысы. Оның мақсаты
қоғамда болып жатқан күнделікті құбылыстарға,
қалыпты жағдайларға қырсы шығу. Хиппи
субмәдениетінің негізгі идеологиясы «Иса
пайғамбардың әрекеттерін» философиялық зерттеу
болды. Бұл мәдениетті ұстанатын топ өкілдері үнемі
шулы жиындарды ұнатады, көңілді отырыстарда еркін
көңіл көтеруді қалайтын топ. Ер мен әйел арасындағы
қарым-қатынастарға да жеңіл қарайды [1].
Хиппи субмәдениетіне тән хиппи растмандары яғни
Растафари (раста) деген топтар да бар. Олар Иегова
сектасының бағытын бұрмалаушылар. Олар ХХ
ғасырдың 60-жылдары Ямайкада пайда болған «регги»
музыкасының табынушылары. Сүйікті түстері қызыл,
сары, жасыл [2].
Презентации являются
средствами коммуникации,
которые могут использоваться
в качестве демонстраций,
лекций, выступлений,
докладов и многого другого
Достарыңызбен бөлісу: |