Сынып: 10 Аты-жөні: Насыр Айғаным



Дата22.05.2023
өлшемі37,42 Kb.
#96233
Байланысты:
Эссе Насыр Айғаным

Мектеп:Жамбыл атындағы мектеп-лицейі


Сынып:10
Аты-жөні:Насыр Айғаным
Бірлігі бүтін елдің түтіні түзу ұшар
Бұрынғы дәуірдің соты, бүгінгінің аңызына айналған үш жүздің басын қосқан тұлғалар ел бірлігі турасында еңе еткені белгілі. Олар халық арасындағы дау-дамаймен мәселелерді шешіп, ел тыныштығын көздеген деседі .Халық ауыз әдебиетіне де өздерінің өшпес мұраларын қалдырған дара тұлғалардың күні бүгінге дейін есімдері ескірмеген.Менің ойымша оларды әр мәселені мәмілесіне қарай ,білек сыбана шешуінің нәтижесі-біздің бүгінгі тыныштығымыз деп білемін.
«Қазақтың үш пайғамбары» атанған дара тұлғалар жоғаыда пайымдағанымдай ел бірлігі турасында еңбек етті.Десе де із шешендердің орнатқан тыныштығының қадірін біліп, түтінімізді түзу шығарып жүрміз бе?Осы тұста «Алтау ала болса ауыздағы кетеді, Төртеу түгел болса төбедегі келеді»,- деген мақал еріксіз еске түседі.Менің ойымша бұл мақалдың бүгінгі тақырыппен, яғни ел бірлігімен маңызы зор .Көпұлтты мемлекет ретінде біз үшін «Жеті жарғыны» жадымызда стау және үш бидің дара жолымен жүру өте маңызды. Бәлкм сондықтан болар ел бірлігінің жайы біз үшін бірінші орында.Билік пенқоса бірлікте күшейсе-ел көсегесінің көгергені.Демек өз заманына жаңа туған айдай дәл келген дара тұлға Төле биді-ел көсегесін көгерткен төбе би деп айта аламыз.Әрине елінің береке-бітімін арттыру жолында Қаз дауысты Қазыбек би мен Әйтеке бидің де маңызы зор .Үш бидің үңіле қараған істерінің бірі елдің «Ақтабан шұбырынды,Алакөл сұлама» нәубетіне ұшырауы болған.Осы тұста орыс патшасының өтемдігіне қарсы тұра, олармен достық қарым-қатынасқа ұмтылуы үш дараның даналық деңгейі деп ойлаймын.
Қорыта келе бүгінгі ғасырдың жалпыұлттық идеясының өміршеңдігінің кепілі-ел бірлігі.Менің ойымша біздің келер ұрпаққа деген басты амантымыз да –ел бірлігі.Сондықтан еліміздің көк байрағы көгілдір аспаннан түспеуі үшін жаhандану үрдісінде адаспағанымыз абзал.Ал осы тұста бізді адастырмайтын жалғыз жол-Төле би,Қазыбек би,Әйтеке билердің жолы.Сондықтан ежелден мұра болып келе жатқан бұл дара жолдарды сақтау біздің парызымыз!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет