Тақырыбы:
Адам ағзасынығ құрт аурулары
Сынып: 7
Құрал
-жабдықтар: ИКТ, оқулық, сызбанұсқалар, кітап, дәптер.
Мақсаты:
Білімділік:
Құрттар типтеріне жататын ағзалардың арасындағы адамның
гильминтоз ауруларын тудыратын өкілдерімен таныстыра отырып олардың
алын алу шараларын үйрету
Дамутышылық: Кесте толтыру, тест ж
ұмыстары арқылы оқушылардың
ойлау қабілетін дамыту
Тәрбиелік: Оқушыларға гелментоз ауруларынын алын алу шараларын
үйретуге тәрбиелеу.
Сабақ жоспары
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу
- Сыныпты түгендеу
- Кезекшіні анықтау
ІІ. Ұй тапсырмасын тексеру
Құрттар типтері тақырыбы бойынша сыныпты фронтальды сұрау жұмысын
өткізу
ІІІ. Жаңа тақырыпты меңгеру
Тақырыбы: Адам ағзасынығ құрт аурулары
Қандай паразит құрттарды білесіндер?
-
Сиыр цепені
-
Опистрохоз
-
Бауыр сорғыш
Гельминттер
-бүгінгі күні бүкіл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының
тарапынан ерекше көңіл бөлуді талап ететін ең ауқымды проблемалардың бірі
болып отыр. Гельминттерді зерттеу және олармен күресу-жақын онжылдықта
шешілуге тиіс міндеттің бірі.Гельминттер, барлық үй және жабайы жануарлар
түрлерін, сонымен қатар, адамды зақымдай, бүлдіре отырып мал шаруашылығы
мен денсаулық сақтау ұйымдарына ұлан -асыр экономикалық шығын әкеледі.
Балалар острицасы
- Enterobius vermicularis адамның, көбінесе балалардың
тоқ және ащы ішегінде тіршілік етеді. Аталығының ұзындығы 2-5 мм, денесінің
артқы ұшы спираль тәрізді оратылған, аналығының - 9-12мм, артқы ұшы біз
тәрізді сүйірленген. Ұрықтанған аналық острица иесінің аналь тесігіне өтіп,
оның қыртыс аралығына жұмыртқаларын салады. Осы уақытта құрттар белсенді
қозғалып, аналь тесігін жыбырлатып қышытады. Балалар оны қолымен қасыса,
кейін жұмыртқаларын аузы арқылы қайтадан жұтуы мүмкін. Жұмыртқалар
сыртқа шығарылып адамға су арқылы, қолын жумай тамақ ішкенде жұғады.
Ішекке түскен инвазиялық жұмыртқадан личинка шығып, осы жерде өсіп, ересек
түріне айналады.
Эхинококк
кезінде адамны
ң іші ауырып, о
ң жақ бүйірі
шаншиды.Бауырының және басқа мүшелерінің үлкейгенін байқайды және
кей кезде кеудесі ауыратындай жөтеледі.
- Эхинококпен ауырған адам
Баланың ішінде ішексорғы мен үшкірқұрт болғанда оның шаршағанын,
ашуланатынын, ұйқысының қашуын, ұйықтап жатып тіс қайрауын
байқаймыз. Сиыр цепені кезінде балаларда тәбеті нашарлап, есте сақтауы
төмендеп талма ауыруына шалдығады. Үлкендерде іші жиі ауырады.
Мысықсоғыш құртың болса, оң жақ қабырға асты ауырып, бауыры ісініп,
қуығы ауыратынын байқайды
Описторхоз
—адамның және кейбір үй жануарлары (ит, мысы
қ,
шошқа) мен жабайы (андатра, т.б.) жануарлардың паразиттік ауруы.
Описторхоз қоздырғышы—опистрхиз паразиттік құрты болып табылады.
Жыныстық жетілген описторхистің ұзындығы 0,2-1,2 см, ал жалпақтығы
0,3см-ге жетеді.Бауырдың өт жолында, өтте және ұйқы безінің жолында
тіршілік етеді.
Өт-бауыр және ұйқы безіне өткен метацеркарий 3
-4 жұмадан кейін
жыныстық жетілу стадиясына дейінгі бүкіл даму циклі 4-4,5 айға созылады.
Энтеробиоз
—адамның глистілі ауруы. Бұл ауруды ұзындығы—0,5-1 см-лі ақ
түсті жұмыр құрт тудырады.
Үшкірқұрт—адамның тік ішегінде тіршілік етеді.
Жетілген аналықтары жұмыртқасын аналь тесігінің шыға берісіне салады да,
денені қышытады. Әр аналық 5 мыңнан 15 мыңға дейін жұмыртқа салады
және 4-6 сағат ішінде жұмыртқадан дернәсіл дамиды да, ол жұқпалы келеді.
Денені қасығанда, үшкірқұрт жұмыртқасы тырнақ астына жабысып, іш
киімге,
тамаққа,
ойыншықтарға, ыдыс-аяқтарға,
ауызға
барады
да
,
жұтылады.
Үшкірқұрттың организмдегі тіршілік уақыты—1 ай. Бірақ та, жеке бас
гигиенасын сақталмаған (саусақ сору, тырнақ кеміру, т.б.) жағдайда адам
өзін-өзі жұқтырып, бірнеше ай, тіпті бірнеше жыл тіршілік етуі мүмкін.
Аурудың негізгі белгісі—аналь тесігі айналасының қышуы, ұйқысыздық,
іштің ауруы, жүректің айнуы, тәбеттің төмендеуі, бастың ауруы.
Егер баланыздың денсаулығы қымбат болса, төмендегі нұсқауларды
орындауға тырысыңыз:
—Баланы гигиеналық дағдыға тәрбиелеу.Бала дәретханадан, даладағы
ойыннан, кейін, міндетті түрде қолдарын сабындап жууға әрекеттену керек.
Тырнақты қысқа қию, тырнақты кемірмеу керек;
—Түнде және таңертең ұйқыдан тұрған соң аяқ, қол, аяқтардың арасын
жақсылап, жылы сумен сабындап жуу;
—1 ай көлемінде күнделікті іш киімін, жатар орны
н ауыстырып, ыстық
үтікпен үтіктеу отыру;
—Балабақшаға күндізгі ұйқыдан кейін ауыстыратын трусы әкелу;
—Түнде
жатарда
резинкасы
ты
ғыз
трусы
кигізу,
аналь
тесігін
е
вазилинденген мақта тампонын салу, таңертеңінде алып, ыстық сумен құю;
—Ойыншықтарды сабынды ыстық сумен жуу;
—Барлық бөлме жиһаздарын сабынды-содалы сумен жақсылап жуу;
—Горшок, унитаздарды қайнаған ыстық сумен шаю.
Энтеробиоз»─ салақтық ауруы (үшкірқұрт)
Үшкірқұрт—ұзындығы бір сантиметрге жететін кішкене ақ құрт. Бұл құрт
адамның әсіресе, жас баланың тік ішегінде тіршілік етеді. Үшкірқұрт
жұмыртқасын аналь тесігінің шыға берісіне салады да, денені қышытады.
Оны қасығанда тырнақ астына жабысып, қайтадан ауызға түседі.
Бұл құрттардан сақтану жолы—тазалық сақтау. Ол үшін тамақтану
алдында міндетті түрде қолды сабындап жуу, тырнақты қысқа етіп қию, және
саусақты ауызға салмау, тырнақты кемірмеу. Сонымен қатар, көкіністерді
жуып жеу, суды қайнатып ішу.
Егер осы ережелерді дұрыс орындайтын болса, бір айдан кейін
IV. Бекіту
1.
Кесте толтыру (12 слайд)
2.
Тест жұмысын орныдау (10-11 слайд)
V. Үй тапсырмасын беру
Паразитті құрттар және олардың тудыратын аурулары жөнінде реферат
дайындау. Ізденіс жұмысын жүргізу.
VІ. Бағалау
Құрттар типі
Паразитті өкілдері
туғызатын аурулар
Жұмырт құрттар
Жалпақ құрттар
Буылттық құрттар