Физика пәнінен І кезең – мектепішілік олимпиада 9 сынып 1 айналым Орындау уақыты – 180 минут Теориялық тур (барлығы 7 ұпайдан)
Биіктігі h = 5 м үстелдің үстінде массасы М= 200 г шар жатыр. Массасы m=10 г горизонталь бағыт бойынша v=500 м/с жылдамдықпен ұшып келе жатқан оқ шарды дәл диаметрі бойынша тесіп өтеді.
а) Егер шар үстелдің шетінен l =20 м арақашықтықта жерге құлайтын болса, онда оқ қандай L қашықтықта жерге құлайды.
б) Оқтың шарды тесіп өтуі кезінде оқтың a кинетикалық энергиясының қандай бөлігі ішкі энергияға айналады? Ауа кедергісін ескермеуге болады.
Кедергілері бірдей және r – ге тең болатын 1 суретте көрсетілген шексіз электр тізбегінің А және В нүктесінің арасындағы кедергіні есептендер.
В r r
r r
A
Екі бірдей шардың температуралары бірдей. Шарлардың біреуі горизонталь жазықтықта орналасқан, ал екіншісі жіпке ілінген. Екі шарға да бірдей жылу береді. Қыздыру процесі өте тез жүретіндіктен жылу сыртқа бөлінбейді. Қыздырғаннан кейін шарлардың температурасының бірдей немесе әртүрлі болатындығын анықтаңдар және жауаптарыңды дәлелдендер.
Көлемі V=10 л жабық ыдыста, Р0 105 Па, t0=200С жағдайында құрғақ ауа бар. Ыдысқа массасы m = 3 г су құйып оны t =1000C температураға дейін қыздырады. Қыздарғаннан кейін ыдыс ішіндегі қысым қандай болады? Ыдыстың жылулық ұлғаюы ескерілмейді.
Школьный - І этап олимпиады по физике 9 класс 1 тур Время на выполнение заданий – 180 минут Теоретический тур