Сынып жетекшіге 20 ақыл-кеңес Ұрпақ тәрбиесі - ұлы іс. Өскелең ұрпақ тәрбиенің үлкен бір бөлігін мектептен алатыны даусыз. Олай
болса шәкіртін дұрыс тәрбиелеу үшін, ұстаздың өзі тәрбиелі болуы тиіс. «Жақсы ұстаз жақсы шәкірт
тер тәрбиелейді» деп ұлы ғұламалар тегін айтпаған болар. Сынып жетекші ретінде өзім ұстанатын
ұстанымдардың сіздерге де көмегі тиеді деген үмітпен бірнешеуін ұсынып отырмын.
1.Баланың жетістігін байқап ,көре білу керек.
2.Жақсы сынып жетекші болғыңыз келсе онда
талмай ізденіп, ешқашан жалықпаңыз.
3.Балаларды бетінен қақпаңыз,ақылмен жол көрсетіңіз.
4.Бұйрық бергеннен гөрі иландыруға ,түсіндіруге тырысыңыз. 5.Эстетикалық талғамыңыз жоғары болсын.(Балаларды өнердің озық үлгілеріне, жарасымдыққа, жарастықты сәнге жетелей біліңіз. 6.Балалардың қателескенінен қорықпаңыз,ол келешекте сабақ болады. 7.Өз уақытыңызды да, балалардың уақытын да бағалай біліңіз. 8.Оқушыларға өз істерінің түпкі нәтижесін көрсететін істерді тапсырыңыз. 9.Жас болып қалғыңыз келсе, оқушылардың арасында ұзақ жылдар жұмыс істеңіз. 10.Өз жұмысыңызды күнкөріс қамы деп ұқпаңыз,жұмыс орнында өзіңізді дүниенің патшасындай сезініңіз.
11.Оқушының ісіндегі әрбір қайшылықты көре біліңіз,кейде байқамаған болыңыз.
12.Үнемі кінәліні іздеп ,тақақтай бермеңіз.
13.Неғұрлым әділ болсаңыз ,соғұрлым мәртебелі боласыз.
14.Оқушыға жұмыс тапсырсаңыз,ол ынтасымен атқаратындай етіп қызықтырыңыз.
15.Өзіңіз оңаша жұмыс істемеңіз,барлық уақытта балалармен кеңесіп отырыңыз. 16.Ашулансаңыз ашуыңыз ұзаққа созылмасын,тез ұмытуға тырысыңыз. 17.Мектеп-қоғам-отбасы осы 3 ұғымның беріктігін сақтаңыз. 18.Мұғалім-оқушы-ата-ана арасындағы жақындастықты үзбеңіз,керісінше нығайта түсіңіз. 19.Баланың тағдырына ойланып қараңыз.
20.Баланы таң қалдыруға ұмытпаңыз,даналыққа ұмтылу таңқалудан басталады.
Шырын Жарылғапқызы Айыпбаева, Директордың оқу-ісі бойынша орынбасары.