Әрекет пен шаралардың жүйелілігі,оқушыларды өз бетімен әрекет етуге бағыттау, тұлғалық жақтарын дамыту;
Жұмыстағы жүйелілік, мақсатқа бағытталғандық, әрдайымдық оқушының рухани-адамгершілік, тұлғалық дамуының қайнар көзі;
Қолданылатын әдіс-тәсілдерің әртүрлілігі,тиімділігі жоғары нәтиже мен оқушылардың дүниетанымын қалыптастырып, тәрбие деңгейін артырады,оқушы дамуының түрлі жолдарын қарастыруға көмектеседі.
Сыныптың тәрбие жоспарын құру технологиясы 1-қадам Сыныптың ерекшелігін анықтау,тәрбие жұмысының мақсат, міндеттерін айқындау.
2-қадам Тәрбие бойынша сәтсіз өткен шаралар мен әрекеттерге талдау жасау, кемшіліктерді анықтау. Онсыз алдағы міндеттерді белгілеу мүмкін емес.
3-қадам Сыныппен алдағы күтілетін келеңсіздіктерді, мәселелерді анықтау. Ол мәселелерді сипаттау міндетті емес, бірақ көре білу асқан шеберлік
4-қадам Тәрбие жұмысын жүзеге асырудың әдіс-тәсілдері мен түрлерін негіздеу Сыныптағы тәрбие міндеттерін айқындағаннан кейін, оны жүзеге асыру әрекетін, түрін жоспарлаймыз. Тәрбиелеу іс-әрекетінің әдісі мен тәсілін дұрыс таңдау және оны оқушыға қызықты етіп өткізу, тәрбиенің тиімділігі мен басты мақсатқа қол жеткізуге жетелейді.
5-қадам Оқушының жеке дара қабілеттері мен қызығушылығын есепке алу,талдау
6-қадам Ата-аналармен жұмыс түрін бекіту
7-қадам Тәрбие жұмысы мақсат міндеттерінің жүзеге асуын бағалаудың көрсеткіштерін анықтау.
Тәрбие жұмысының тиімділігі қойылған мақсат, міндеттердің және қол жеткізген нәтиженің арақатынасын салыстыру өлшемі арқылы анықталады. Ал тиімділікті зерттеу алдағы жұмысқа түзетулер мен жаңалықтар енгізу үшін жасалады.