Сынып жетекшісі: Сынып



бет1/44
Дата15.12.2022
өлшемі245,05 Kb.
#57503
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Байланысты:
тәрбие сағаттары жаңа



Сынып сағаттары

Сыныбы:

Уақыты:

Сынып жетекшісі:

Сынып сағатының
тақырыбы:

«Тәуелсіздік жетістіктері»

Сынып сағатының

-Тәуелсіздік тұғырының биік шыңына жетелейтін оқиғаларға толы тарих беттеріне шолу жасау. 30 жыл бойы жеткен ҚР жетістіктері. Оқушыларды Отанды, елді, жерді сүюге туған ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.

мақсаты:

Сынып сағатының міндеті

Бағалау критерийлері:

  • Елін,жерін сүюге,туғантарихын білуге,құрмет көрсетуге деген саналы көзқарас қалыптасады;

Сынып сағатының түрі:

-танымдық сабақ

Игерілетін дағды:

Тыңдалым және айтылым

Ресурстар:

Интербелсенді тақта, шарлар, түрлі жайма қағаздар.

Жүру барысын алдын ала үйлестіру

Сынып жетекшісі –
Құрметті оқушылар! Баршаңызды бүгінгі 1-қыркүйек – Білім күнімен құттықтаймын.
Бүгінгі тәрбие сабағымыз Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналады.
Тәуелсіздік! Ата-бабамыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздік! 
Алтайдан Алатауға дейін ұлан – ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар. Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық. Міне, содан бері 30 жыл.
Тәуелсіз ел тарихы- отаншылдықтың, ерліктің, елдіктің не екенін дәлелдейтін тамыры терең бай тарих. Елім, Отаным деген қасиетті ұғымдар әр адамзаттың өз табалдырығынан, өз ауылынан, өз өлкесінен басталады.
- Шәкірттерім, қазіргі кезде сендер ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырсыңдар. Білім алуға сендер үшін мүмкіндік мол. Сендер көп уақытарыңды достарыңмен, туған – туыстарыңмен өткізесіңдер, көңілді мерекелерді асыға күтесіңдер.
- Сендерге қандай мерекелер ұнайды? Оларды қалай тойлайсыңдар?
Әрине барлық мейрамдар жақсы. Бірақ олардың арасында біздің мемлекетіміз үшін маңыздылары бар. Соның бірі биылғы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30-жылдық мерекесі.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет