Сынып жетекшісінің ата – аналармен атқаратын жұмыстарының мазмұны мен міндеттері: В. А. Сухомлинский оқушылардың ата – аналарымен жұмыс істеудің мазмұнына ерекше назар аударып


Ата-аналар комитетімен бірлесе сынып жетекшісінің жүргізілетін жұмыс түрлері



бет3/7
Дата15.05.2023
өлшемі65,71 Kb.
#93243
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Ата-анамен жұмыс жасаудың тиімді жолдары

Ата-аналар комитетімен бірлесе сынып жетекшісінің жүргізілетін жұмыс түрлері:
1. Алғыс
2. Топтың жиналыс әңгімесі
3. Жанұямен жеке дара жұмыс
4. Оқушының мінездемесі
5. Қоғамдық негізде орындалатын жеке дара педагогикалық тапсырма беру
6. Педагогикалық талап
7. Қиын жанұялармен жұмыс
8. Педагогикалық консультация, жеке әңгіме

Осы атқарылатын жұмыстардың мазмұнына жеке дара тоқталатын болсақ:
1. Алғыс-қызметтің биік адамгершілік мотивтерін жүзеге асырудағы табыстарды қолдап, көтермелеудің шарасы. Ата-аналарға алғыс жариялау сынып жетекшісі мен мектеп әкімшілігінің жанұяға назар аударуының қамқорлық көрсеткіші.
2. Топтың жеке әңгімесі-жанұямен саралап жұмыс істеудің жетерліктей тиімді әдісі. Әңгімелесу тәрбие істерін жақсарту жолдарын бірлесіп іздестіру сипатында болды. Тәрбиелік міндеттерді шешуде ата-аналармен толық әңгіме жиналыс өткізу керек.
3. Жанұямен жеке дара жұмыс жүргізу-сынып жетекшісінің ата-анамен араласуының күрделі түрі, баланың даралық қабілеті мен отбасы туралы білімдерін нақтылай түсуіне, жеке басты дамытудың жеке бағдарламасын жасау үшін ұйымдастырылады.

4. Оқушының мінездемесі - жеке адамды дамыту туралы, оның негізгі жеке даралық ерекшеліктері туралы құжат. Ол-оның оқушылармен және ата-аналармен жеке жұмысындағы педагогикалық қызметі, педагогтың баланың қалыптасып келе жатқан жеке басы жөніндегі мінездеме таныстыруы.
5. Қоғамдық негіздерде орындалатын жеке дара педагогикалық тапсырма беру - ата-ананың мектептің тәрбие жұмыстарына белсене қатысуы.
6. Ата-аналармен жеке әңгімелесуге қойылатын психологиялық-педагогикалық талаптар-фактілерді жинақтау қорыту, бақылауды талдау және қорыту, педагогикалық тапсырма беру, мұғалімдер бөлмесінде, дәлізде талқыға салмай, жеке талқылау.
7. Қиын жанұялармен жүргізілетін жұмыстар - бала үшін күрестің әрқашан азап шегудің куәгері болып көрінетін, оның ата-анасының жеке басына қатысы жөнінен инабаттылықтың барлық нормаларын
барынша қатаң сақтау жағдайында өз әсерінің үдемелілігін қамтамасыз етуге тиіс.
8. Педагогикалық консультация - ата-анамен жүргізілетін педагогтың жұмыстары.

Жаңадан қабылданған ҚР-ның «Білім туралы» заңын, ҚР-да білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын, 12 жылдық білім беруге көшу ұстанымдарын орындай отырып, ҚР-ның әлемдік білім беру кеңістігіне енуі үшін педагогтар қауымы өз бойындағы күш-жігерін оқушыларға сапалы білім, үлгілі тәрбие беруде аямайды деп сенемін. Тәрбиелі бала, баланың болашағы деп шырылдайтын ата-ана, қоғамның өз деңгейінде жүруіне әсер ете алатын ата-аналар мен сынып жетекшілерінің жұмыстары жандана берсін демекпін.

Мектеп, оқушы, ата - ана: үштік одағы.

Баланың жеке тұлғасының дара қасиеттерін қалыптастыруда отбасы үлкен мүмкіндіктерге ие. Олар күнделікті отбасылық өмірде, отбасының дәстүрлері мен адамгершілік ұстанымдары, шежіресі, мен тарихы, отбасы мүшелерінің ортақ қызығуы мен мақсат – мүдделері арқылы іске асады. Бұл мүмкіндіктерді мектептің мүмкіндіктерімен үйлестіру – табысты тәрбиенің тағы бір негізі.
Ата – аналар ұйымының рөлін көтеру кез келген мектеп үшін оңай іс емес. Көп жағдайда бұл мәселе ата - аналардың жұмыспен қамтылуына байланысты уақыттарының жетіспеушілігі сияқты объективті себептермен түсіндіріледі. Дегенмен, оның себептерін тек ата - аналар ортасынан іздеу дұрыс емес. Бастамашылық мектеп жағынан бәрібір басымырақ болуы керек. Өйткені, мектеп – қоғамның, отбасының және өзінің өзара тәрбиелік іс - қимылын үйлестіруші қоғамдық институт. Өзара іс - әрекеттің мақсаты мен міндеттерін мектеп жалғыз өзі, тиісті мәселеге тек өзінің ұстанымына сүйенген түрде анықтаса, ал ата - аналар оларды іске асыру сатысында ғана қамтылса, нәтиже төмен болады. Мектеп ата - аналар қауымы үшін әрқашан ашық болып, өзара ынтымақтастық пен серіктестік жүйесін жетілдіруге бағытталып, олардың кез келген бастамасын көтермелеп отыруы қажет.
Мектептің ата - аналармен жұмысын ұйымдастыру нысандары әр түрлі болуы мүмкін. Жұмыстың бұл нысандары мен әдістерінің барлығы педагогикалық тұрғыдан негізделгендігі және ынтымақтастық пен өзара іс - әрекеттің біртұтас жүйесінде бірін бірі толықтырып отыруы өте маңызды. Оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беруде ата – ана - оқушы - мұғалім үштік одағы тығыз жұмыс атқарады. Әртүрлі формада ата – аналар жиналысы, оқулары өткізіледі.
Бастауыштың әр сатысында оқыту мен тәрбиелеудің негізі қалыптасады. Ата – ана, қоғам, мұғалім бірлесе отырып, жоғарыда айтылған жұмыстар нәтижесінде бастауышта білім мен тәрбиені қалыптастырып, алмастай өткір, мықты, берік, өз ортасында үнемі жарқырап жүретін жан – жақты, бәсекеге қабілетті, дүние жүзіне танымал, ұлттық сана - сезімі оянған, Отанын, елін шын жүрегімен сүйетін азаматты тәрбиелеп шығару – біздің мақсатымыз.
Диагностикалық талдау жұмыстары ата - аналармен өзара іс - әрекеттің ең қызықты әрі жауапты бағыты. Сынып жетекшісі өз сыныбы оқушыларының ата - аналарын жан - жақты зерттеп, олардың педагогикалық білім дәрежелерін, отбасындағы қарым – қатынас деңгейін анықтау арқылы жыл бойы атқарылуға тиісті жұмысты тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді. Жетістік арқылы тәрбиелеу баланың және оның отбасының қадір – қасиеттеріне, құндылықтарына, мұраттарына сүйенген түрде оқушыны, ата - аналарды мейлінше тереңірек түсінуге деген мектептің ұмтылысын көздейді. Бала тәрбиесінің тиімді тәсілдерін отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру мақсатында пайдалану екі жаққа да тиімді тәсіл болып табылары сөзсіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет