Сынып ұжымына психология-педагогикалық мінездеме



Дата02.06.2023
өлшемі9,38 Kb.
#98168

Сынып ұжымына психология-педагогикалық
мінездеме

Сыныпта 25 оқушы бар. Оның 7-і ер, 18-і қыз бала. Жалпы сынып ұжымы тату, бір-бірімен, негізінде, сыйласымды қатынаста.


Өткен оқу жылында 1 оқу озаты: Бекмагамбетова Камила, екпінді болған: Аманбекқызы Ақзере, Асқар Аяулым, Ахметжан Данагүл, Жаналық Дильназ, Кошенов Мурагер, Культаева Лаура, Қайрат Нұргүл, Қуандық Айгерім, Қуандықова Нұрай, Муратбек Аяулым, Мылтықбай Алдияр, Сайлаубек Гүлназ, Серік Толғанай, Тойшыбаев Жаслан, Шакишева Ажар, Шахман Аружан.
Сынып оқушыларының ішінде түрлі іс шараларды ұйымдастырып, оны жүргізуге, бірлескен мерекелік кештерді өткізуге өздері ат салысатындары да бар. Олар Камила, Айгерім, Серыжан, Аяулым, Ақзере. Оқушылардың көпшілігі сабақты көңіл қойып тыңдап, үй тапсырмаларын уақтылы орындап, сабақтарға белсенді қатысады. Қоғамдық жұмыстарға, спорттық сайыстарға да белсене қатысады. Өзіндік пікір білдіруге, ойларын ашық айтуға дағдыланған. Әсіресе Ажардың, Дильназдың, Камиланың, Данагүлдің, Мұратбек Аяулымның, Мурагердің, Жасланның, Аманбек Ақзеренің интеллектуалды қабілеттері, ой-өрістері жақсы.
Жалпы оқушылардың тәртіптері жақсы, шектен шыққан немесе тәрбиеге көнбейтін оқушы жоқ.
Сынып ұжымы өзара жақсы қатынаста. Өзге сыныптармен де қатынастары жақсы. Сыныптан тыс уақыттарын да бірге өткізеді. Мектептен тыс қоғамдық үйірмелерге, пәндерден қосымша сабақтарға қатысады. Сырым, Аян, Серыжан, Данагул спортпен шұғылданады, футболға, велоспорт секциясына барады. Сәттібай Арнұр, Серік Толғанай музыкаға бейімді, домбыра, би мектептерінде оқыған. Кенес Іңкәр өнер мектебінде сурет бөлімшесінде оқиды. Рымбек Айзада кәсіби спортшы: коньки спортынан Олимпиадалық резерв мектебінде оқиды. Айзада көптеген Республикалық, Халықаралық сайыстардың жеңімпазы, жүлдегері атанып жүрген оқушы. Сынып оқушыларының негізі үлкенді сыйлап, кішілерге қамқор бола біледі, еңбекқорлықтары жоғары. Сынып оқушылары кез келген жағдайда тату, әрі белсенді.
Сынып жетекшісі Кантарбаева Г.А.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет