Сынып жиналысының №8 хаттамасы «06» сәуір 2023ж Барлығы: 22 оқушы



Дата03.05.2023
өлшемі13,71 Kb.
#89384
Байланысты:
Сынып жиналысының хатамасы


Сынып жиналысының №8 хаттамасы

«06» сәуір 2023ж Барлығы: 22 оқушы


Қатысқаны: 21 оқушы

Күн тәртібінде



  1. Жол қауіпсіздік ережесін сақтау

  2. Оқушылардың мектеп формасы және тәртібі

  3. Әртүрлі мәселе

Тыңдалды:


5 «Е» сыныбында 2022-2023 оқу жылындағы сегізінші жиналысы 6 сәуір күні жүргізілді. Мен, сынып жетекші Асилова Ақерке күн тәртібінде қаралатын мәселелермен таныстырып өттім.
Күн тәртібінде бірінші мәселе бойынша оқушыларға Жол қауіпсіздік ережесін сақтау туралы түсіндіріп өттім. Жолда жүру ережесін еске түсіріп қауіпсіздік белгілермен таныстырып өттім. Сабаққа келе жатқанда, сабақтан қайтқанда жол ережесін сақтап, жолдан абайлап өту керек екенін еске түсіріп, оқушылар өз ойларын айтып шықты. Оқушылар бағдаршам және жол белгілері туралы білетіндерін ортаға салды.
Екінші мәселе бойынша оқушыларға мектепке мектеп формасымен келуге ескерту жасадым.
Мектеп формасы – қыздар ақ кофта, қара юбка, ал ұлдар ақ жейде, қара шалбар. Күнделікті сабаққа формамен тап-таза және үтіктеулі киіп келуіне ескерту жасадым.
Үшінші мәселе әртүрлі мәселелер. Сыныпта сабақтан себепсіз қалатын оқушылармен жұмыс жүргіздім. Сабақтан қалу себебін анықтап ескерту жасалды.

Қаулы:
Сынып жиналысын қорытындылай келе қаулы етеді.



  1. Жолда жүргенде жол ережесін сақталсын.

  2. Тазалық, мектеп формасын киіп келу, ұқыпты болып жүру.

  3. Түрлі мәселелер. Себепсіз сабақтан қалмасын.


Жиналыс төрағасы: А. Б. Асилова

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет