Арнаның еткізу қабілеті - уақыт бірлігінде байланыс арнасы арқылы жіберген ақпараттын ен улкен жылдамдығы. Акпаратты жiберу арнасының негiзгi сипаттамасы еткізу қабілетіне (еткізгiштiгi) байланысты.
Арнаның еткізу қабiлетi уақыт бiрлiгiнде ететiн акпарат санына тең.
q = І/t
Мұндағы q - арнаның еткізу қабілеті, І - ақпарат саны, t - ақпаратты тарату уақыты. Барлық мәтінде К символ болса, алфавиттік тұрғыдан өлшегенде ондағы акпарат саны мына формуламен табылады: І = K * і, мундагы і - алфавитте колданылатын әр символдын акпараттык салмағы. Өткiзу қабiлетi секундына битпен (бит/с) және оның еселiк бiрлiктерiмен Кбит/с пен Мбит/с елшенеді. Егер секундына байт бiрлiгi пайдаланылса (байт/с), ондық үлестермен - Кбайт/с және Мбайт/с болады. Ақпаратты өткiзу арнасынын бiрлiктерiнiң қатынасы акпарат санын өлшеу бiрлiктерiне тең.
10 секундта байланыс арнасынан 500 байт ақпарат берілді. Арнаның өткiзу қабiлетi қандай?
q = I/t = 500/10= 50 байт/с.
Егер желі 100 Мбит/с өткізу қабілетімен жобаланса, онда әрбір пайдаланушы бір секундта 100 Мбит/с келемді мәлімет жібере алады. Бұл нақты жағдайда мүмкін бола бермейді. Белгілі уакытта өлшенген шынайы өткізу арнасы мәліметтерді өткізу кабілеті болып табылады. Желінің ең көп сандық өткізу арнасына қарағанда, желінің өткізу қабілеті көп жағдайда төмен болады.
Төменде шынайы өткізу арнасы немесе желінің өткізу қабілетінің негізгі факторлары келтірілген (1.9-сурет).
Интернет-трафик (агылш. Traffic - қозғалыс) - белгілі уақыт периодта компьютер желісі арқылы берілетін ақпарат көлемі. Компьютерлік желілер мен желілік косылулардын модельдерін кадагалау-дын, Интернеттегі маліметтер агымын елшеудін негізгі компоненті трафик болып табылады.
Кіріс трафиктері - бұл Интернет желісінен алынатын ақпараттар легі. Шығыс трафиктері - бұл Интернет желісін колданып жіберілетін мәліметтер (мәтіндік, графикалық, бейнелік және т.с.с.). Трафиктер: кіріс және шығыс трафиктері болып бөлінеді.
Трафиктер компьютерде вирустар пайда болған жағдайда көбейеді. Бүкіл әлемде Интернет-трафиктің ең көп көлемі төменде көрсетілгендей бөлінеді.
10 сынып 1. Компьютерлік желілердің жұмыс жасау принциптері. Желілі компоненттер Қазіргі уақытта Қазақстанда телекоммуникация саласының тез дамуы жаңа жоғары технологиялық қызметтер – деректерді тарату, ұялы байланыс және Интернет желісіне қатынауды ұсыну бойынша қызметтер сегментінің туындауына негізделген. Жалпы желі деп дербес компьютерлердің және принтер, модем және есептеу құрылғыларының бір-бірімен байланысқан жиынын айтады. Желілер әр бір қолданушыға өзге қолданушы мен дерек алмасып, құрылғыларды ортақ пайдалануға, қашықта орналасқан компьютерлердегі деректер қоры мен қатынас құруға және тұтынушылар мен тұрақты байланыс жасауға мүмкіндік береді