Сынып сағат тақырыбы: «Кибербуллинг»
Орындаған: Нуртазина Ф.Ж.
Тобы: КиЛ -112
Павлодар қ.,2022
«Кибербуллинг» сынып сағаты
Топ: КиЛ-112
Күні: 05.10.22ж
Мақсаты: Жасөспірім кезеңіндегі кездесетін буллингтің түрлері, себептерін анықтау, қиыншылықтардың және оның алдын алу жұмысын жүргізу, буллинг туралы ақпаратты кеңейту.
Көрнекілік:интербелсенді тақта
Мазмұны: Тренинг «Қар тілектері»
Баяндама «Буллинг. Баланың барлық қатыгездіктен қорғалуға құқығы» Слайд.
Артерапия
Семинар барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі Тренинг «Қар тілектері»
Қатысушылар шеңбер бойына тұрады. Жүргізуші ортаға шығып, қағаздан дайындалған қарларды шашады. Қатысушылар қолына түскен кардағы жазылған жақсы, жылы тілектерді көршісіне тілейді.
II. Негізгі бөлімі Буллинг дегеніміз не?
Буллинг (bullying) – ағылшын тілінен аударғанда, қорлау, қудалау, мазалау дегенді білдіреді. Адамүйде, мектепте, автобуста немесе интернетте, жалпы айтатын болсақ, кезкелген жерде буллингке ұшырауы мүмкін. Бұл кез келген адамның басында болатын жағдай. Бірақ есіңде болсын, ешкімнің сені ренжітуге немесе өзің жайлы жаман ойлауға мәжбүрлеуге құқығы жоқ.
Буллинг қандай жағдайларға әкеліп тіреуі мүмкін? Буллинг әр түрлі мағынаны білдіруі мүмкін. Ол:
адамды мазақтау, қорлау, соқтығысу
оның ақшасын не басқа заттарын тартып алу, оларды бүлдіру
сол жайында өсек тарату
оны елемеу немесе жекелету
ренжітетін, жаман әзіл айтып, басқа адамдардың алдында ыңғайсыз жағдайға қою
ұрып-соғу, тепкілеу, итеру немесе басқаша зақым келтіру
қоқан-лоқы көрсету немесе қорқыту
Буллинг онлайн немесе телефон арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Олардың қатарына ренішті хабарламалар мен суреттер, зұлым мінеп-сынаулар жіберу жатады. Бұлардың барлығы кибербуллинг деп аталады.
Біреу саған күш көрсетпей, қорлап, қорқытқан да сенің жаныңа батады. Осындай жағдайға тап болған адам түрлі жағдайларды басынан кешіруі мүмкін, атап айтқанда: