Сынып сағаты. Тақырыбы: «Тілім менің- тірлігімнің айғағы» Мектеп



бет2/4
Дата17.10.2023
өлшемі28,67 Kb.
#116725
1   2   3   4
Байланысты:
Сабақ тақырыбы Тілім менің тірлігімнің айғағы

Сабақтың ортасы:

Құрметті оқушылар! Тіл мәдениеті – халықтың рухани қазынасы. Қазіргі қазақ қоғамында басқа мемлекеттік саясаттар қатарында тіл саясатын да даму үрдісі күнен-күнге шапшаңдап, ана тілі халықтың рухын, мәдениетін жаңғыртатын мүделлі мақсаттың біріне айналды. Еліміздің бұрынғысы мен бүгінгісін , болашағын тек тіл арқылы ғана танитынымызға қазақ қоғамының көзі жеткен кезеңді бастан кешіріп отырмыз. Біз бүгін тіл тағдыры – ел тағдыры екенін нақты мойындадық, сондықтанда елімізде ана тіліміздің жан – жақты дамуына бар мүмкіндік жасалуда. Тіл- мәдениет , тіл- әдебиет, тіл-тарих. Енді бір сәт әдебиетімізге көз салайық. Ұлылардан қалған ұлы сөздерге құлақ салайық.


«Түрлі-түрлі байлық бар. Солардың таңдауын берсе , мен тіл байлығын таңдар едім. Өйткені тіл байлығы – бәрінен де сеніді байлық»
Ғабит Мүсірепов


«Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата – бабамызды, тарихымызды ұмыту»
Бауыржан Момышұлы
«Ана тілін ұмытқан адам, өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді»
Ғабит Мүсірепов


«Тіл деген – бізге өткен дәуірлерден қалған асыл мұра. Ол тіл атамыздаң ақылынан, анамыздың сүтімен жаралған. Қазақтың өз тілі – қазақ үшін алтын бесік»
Шерхан Мұртаза
«Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе құйындай екпінді тарихы, сары далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын мінезі көрініп тұр»


Мағжан Жұмабаев



Нақыл сөздер

«Мақал сөздің мәйегі»
сайыс

Келесі сайысымыз «Сөздің көркі - мақал». Мұнда мақалды мен бастаймын, сендер аяқтайсыңдар
1 - топ
1. Тіл тас жарады, тас жармаса ... (бас жарады).
2. Дәлелсіз сөз ... (желмен тең).
3. Ине көзінен сынады, ... (шешен сөзінен сынады).
4. Піл көтермегенді, ... (тіл көтереді).
5. Сөз тапқанға ... (қолқа жоқ).
6. Жеті жұрттың тілін біл, (Жеті түрлі ілім біл).
7. Шебердің қолы ортақ, ... (шешеннің қолы ортақ).
8. Қаһарлы сөз ... (қамал бұзар).
9. Бас кеспек болса да, ... (тілкеспек жоқ).
10. Айтылған сөз, атылған ... (оқпен тең).
2-топ 
1. Бал тамған тілден ... (у тамған).
2. Тауды, тасты жел бұзар, ... (адамзатты сөз бұзар).
3. Жақсы сөз ... (жарым ырыс).
4. Жақсы байқап сөйлер, ... (жаман шайқап сөйлер).
5. Тіл қылыштан ... (өткір).
6. Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ... (ой өсіреді).
7. Жыланның уы тісінде, адамның уы ... (тілінді).
8. Көре-көре көсем боларсың, сөйлей-сөйлей ... (шешен боларсың).
9. Тілден артық ... (қазына жоқ).
10. Сүңгі жарасы бітер, ... (тіл жарасы бітпес).






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет